*ҮЙ ЖҰМЫСЫ*
Мәтіннен қосымша ақпараттарды сызып тастап, ықшамдаңыз.
Бүркіт – төрт асылдың бірі
Қазақ халқы бүркітті қатты қадірлеп, оны өздерінше төрт асылдың бірі деп санайды. Төрт асылға қозы қошқар, еккен егін, тазы күшік, балапан бүркіт жатады. Cебебі бұл төртеуі жасы жылға толмай-ақ адам керегіне жарап, қажетін өтейді.
Бүркіт қазақ қоғамының бір жанды мүшесіне айналып кетті. Сондықтан қапелімде мерт болған немесе ауылда өлген бүркіттің иесіне: "Ат өледі, құс қашады, екі қанат бір құйрық табылар, ажалы жетсе бәрі өледі" деп, сабырлыққа шақырып, көңіл айтады. Қазақта ертеректе өлген қыран құстың қанат, құйрығына май жағып, ақ матаға орап, биік тay құздарына немесе адам аяғы баспайтын жерге арулап жерлейтін салт та болған.
Бүркіт аң ала алмай, ауырып мазасызданғанда "көз тиген" деп ырымдайды. Ондайда бүркітті "қырсық шалды" деп, жанып тұрған оттың үстіне тұз шашып, бытырлаған дауыс ырғағымен оңнан солға қарай айналдырып, емдеген. Құсбегілікке байланысты барлық құрал-жабдықты жинастырып, оларды адыраспан, арша сияқты қасиетті өсімдіктермен аластап, бәле-жаладан тазартады. Қазақ құсбегілері бүркіттің пірін Әулие Жалайыр Шора Ата деп біледі. Аңызға сенсек, Жалайыр Шора құс атаулының "тілін" білген, қырандардың мекені мен шабытты өрісін, қонағы мен ұясын, неге шабатынын, нені алатынын білген екен. Тіптен, төбеде ұшып өткен құстың жасын, қырандығын ажырата алған. Құс атаулының: "Ұша берсем қанатым талады, Жерге түссем Жалайыр Шора алады", – деп, зар қаққаны туралы ел аузында аңыз бар.
Қазақ құсбегілері қыран құсты сатып, қалап алғанда бүркіттің құйрық қауырсынын, қанатын майлап, иығына шоқ үкі тағып, ақсарбас малын сойып, тілеу тілеп, шашу шашып, сүйінші сұрайтын жақсы салт бар. Ауыл ақсақалдары мен кәнігі адамдарға сынатып, "бүркіттің құйрығын майлау" тойын жасайды. Ондайда ауқаттылар жағы ақсарбас атаса, қарт құсбегілер өздерінің ескі құс жабдықтарын көрімдік ретінде сыйға тартады. Ертеректе күзде саят уақыты басталардан бұрын аушы құсқа арнап құрбандық берген: әркім өзінің шама-шарқына қарай тарту ұсынады, ауқаттылар қой сойып, бүркіт торын "қандайды" (торға қан жағады). Қазақ халқы үйге қыран құс келгенде Қызыр Бабаның ерекше сыйлығы деп, сонымен бірге үйге бақ-береке келді деп шын жүректен қуанып, жақсылыққа жорыған. Сондай-ақ қазақтарда бөгде біреу бүркітімен ауылға келсе, құсының иығына үкі тағатын немесе ақ шүберектен ақтық тағатын архаикалық ғұрып бар.
жайлау – жазғы қоныс. жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. қазақ елінің дәстүрлі жайлауы сарыарқа атырабы мен орманды, желді өлкелерде, қазақстанның солтүстік-батысында (мұғалжарда), солтүстік-шығысында (алтай, сауыр және тарбағатай өңірінде), оңтүстік-шығысында (жетісу алатауы, іле алатауы және тянь-шань тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (қаратау өңірінде) болды. қазақстанның әр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған. халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. мысалы, жетісу өлкесінде қыстау қаш көлінің оңтүстігіндегі құмды, қамысты аймақта орналасса, жайлаулардың көбі оның солтүстігіндегі таулы атырабында жатты. қазақстан жеріндегі жайлау мен қыстау арасының қашықтығы да әр түрлі болды. мысалы, көшпелі өмір сүрген адай – табын, шөмекей – шекті, бағаналы – руларының маңғыстау түбегінен мұғалжар тауларына, қызылқұмнан торғай даласына, шу өзенінің төмен алабынан ұлытау төңірегіне дейінгі көш жолдарының арақашықтығы 1000 км-ге дейін жететін. ал қазақстанның солтүстік бөлігіндегі жартылай көшпелі қауымның көш жолдары 10 – 20 км-ден 40 – 80 км-ге дейін болды. бұл төңіректегі жайлаулар құдықтар мен көлдердің айналасына орналасты. жетісудағы жайлаулар мен қыстаулардың арасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 – 200 км-ге жететін. қазақстан жеріндегі жайлаулардың ға да, малға да ең қолайлысы – тау алаптары. солтүстіктегі жазық даладағы жайлауларда мал, негізінен, құдық суынан суарылатындықтан қол еңбегін көп қажет етеді. қазір де малшылар жазғы жайылымды жайлау ретінде пайдаланады, жайлауға көшеді. қой, түйе, сиыр жайлауға шығарылады
ертеде бір шал мен кемпір болыпты. кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. оны терезенің алдына суытып қойыпты.
бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.
бір кезде оған қоян жолығып:
- бауырсақ, бауырсақ! мен сені жеймін! – дейді.
- қоян, сен мені жеме. мен саған өлең айтып беремін: «менің атым бауырсақ, бауырсақ! қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. ұстатпай кеттім атама, ұстатпай кеттім әжеме. ұстатпаймын қоян саған да! ».
содан бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. оған қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.
бауырсақ өзінің әнін қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.

бір кезде аю жолығады:
- бауырсақ, бауырсақ! мен сені жеймін! – дейді ол.
- сендей майтабанға мені жеу қайда? ұстатпай кеттім атама, ұстатпай кеттім әжеме, қоян менен қасқырға ұстатпағам ендеше.
- ал сендей ұстатпаймын мүлде де!
сөйтіп домалай жөнеледі. аю тек көзімен шығарып салады.

бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған түлкі жолығады:
- бауырсақ, бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.
- жолмен домалап барамын.
- бауырсақ, бауырсақ, маған өлең айтып берші
- содан бауырсақ: «менің атым бауырсақ, бауырсақ! қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. ұстатпай кеттім атама, ұстатпай кеттім әжеме. ұстатпай кеттім қоян менен қасқырға. ұстатпай кеттім аюға, ұстатпаймын саған мүлде де! » деп өлеңін айтып береді.
түлкі оған:
- әнің өте жақсы екен. бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді.
бауырсақ түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. сол кезде түлкі ұстап алады.

- түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді бауырсақ. жүр одан да біздікіне, атам мен әжеме барайық. олар сені тойғызады.
түлкі келіседі. жолшыбай өздерімен бірге қоян, қасқыр мен аюды ертіп алады. олар келсе әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. қоянға орамжапырақ салған, қасқыр мен түлкіге ет салған, аюға таңқурай салған қаусырма тиеді. ал бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.