В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
averinael2013
averinael2013
23.11.2021 13:29 •  Қазақ тiлi

Можете с тіл дамыту (казахский язык) хуть некоторые это экзамен Ойлаудың нәтижесі:
тіл
мақсат
сенім
пікірталас

Сөздік жұмыстың міндеттері:
Сөздік қорын байыту, тілін дамыту
Көру қабілетін арттыру, тілін дамыту
Өлең жаттау, есте сақтау қабілеттін дамыту
Есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту

2- жастағы балалардың сөздік қоры:
300-ге жуық
500-ге жуық
200-ге жуық
100-ге жуық

Көркем шығарманы қайталап айтып беру, дегеніміз:
көркем шығарманы мәнерлеп байланыстыра отырып қайта баяндау көркем шығарма мазмұнын монолог түрінде баяндау
көркем шығарма мазмұнын диалог түрінде баяндау
көркем шығарма мазмұнын драматизациялау

Шығармалар кейіпкерін балалардың рөлге бөліп орындауы:
сахналық тәсіл
фонетикалық тәсіл
дидактикалық тәсіл
инценировкалық ойын

Балаларға бұрынан таныс тақырыпта әңгіме айту:
Алдын ала әзірленген әңгіме
Балаларға таныс емес аңыз әңгімені баяндау
Балаларға таныс емес ертегі
Балаларға таныс оқиғаларды әңгімелеу

«Оқу әріптердің дыбыстардың айта тізу » деген ...:
А.Байтұрсынов
Ж. Аймауытов
Ы.Алтынсарин
А. Құнанбаев

Жинақтау арқылы үйретілетін жұмыс түрі:
Дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйрену
Дыбыстарды тыңдауды үйрену
Әріптерді жазуды үйрену
Дыбыстарды талдауды үйрену

5-6 жастағы балалардың тіліндегі негізгі синтаксистік қатынастар:
Мезгілдік, меқсаттық, себептік
Предикваттық, сипаттық, білімдік
Толықтырушылық, кеңістік, қимылдық
Мерзімдік, шарттық, тұрмыстық

Өз еркімен есте сақтаудың тәсілдері:
Мәтінді қайталау, мәтінді еске түсіру
Мәтінді жаттап алу, мәтінді айту
Мәтінді ойлап табу, мәтінді аяқтау
Мәтінді оқып беру, мәтінді сұрау

Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы:
педагогика, психология, тіл білімі
психология, тілтану, жаратылыстану
педагогика, психология
психология, анатомия

Алдын ала әзірленген әңгімелесу типтері:
Тікелей міндет, жанама міндет
Бейімдеу міндеті, дара міндет
Түзету міндеті, анықтау міндеті
Еркін міндет, бақылау міндет

Тіл дамыту әдістемесінің мақсаты-:
мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту әдістемесінің теориялық, практикалық негізін балаларға меңгерту
мектеп жасына дейінгі балалардыі ойлау қабілетін меңгертудің теориялық негізін меңгерту.
мектеп жасына дейінгі балалардың жазу қабілетін дамыту
мектеп жасына дейінгі балалардың оқу қабілетін дамыту

Балаларға алғашқы ана тілін үйретудің негізін салушы:
К.Д. Ушинский
Е.А. Флерина
Н.К. Крупская
Е.И. Тихеева

Тіл дамытудың алғашқы әдістемесін құрастырған:
Е.И. Тихеева
Е.А. Флерина
А.П. Усова
А.Н. Гвоздев

Бала бақшада тіл дамытудың басты міндеті:
ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастыру
байланыстырып сөйлеулерін дамыту
сөздің дыбысталу мәдениетін дамыту
сөздік қорларын молайту

Тіл дамытудың міндеттері:
сөздік қорды дамыту, сөздің грамматикалық құрылымын қалыптастыру, сөздің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу, байланыстырып сөйлеулерін дамыту, сауат ашуға дайындық
сөздік қорды дамыту, сөздің грамматикалық құрылымын қалыптастыру, сөздің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу, байланыстырып сөйлеулерін дамыту, сауат ашуға дайындық, диологтық сөйлеу тілдерін жетілдіру
сөздік қорды дамыту, сөздің грамматикалық құрылымын қалыптастыру, сөздің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу, байланыстырып сөйлеулерін дамыту, сауат ашуға дайындық, монологтық сөйлеулерін дамыту
сөздік қорды дамыту, сөздің грамматикалық құрылымын қалыптастыру, сөздің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу, байланыстырып сөйлеулерін дамыту, сауат ашуға дайындық, қайталап әңгімелеуге үйрету

Бала тілінің үш қызметі:
қатынастық, танымдық, реттеушілік
дамытушылық, реттеушілік, танымдық
қатынастық, реттеушілік, танымдық
реттеушілік, дамытушылық, қатынастық

Әңгімені тиімді өткізуге байланысты бөлінетін топтардағы бала саны:
4-
8-
10-
9-

Сөздік, көрнекілік, практикалық:
сабақтың әдістері
сабақты өткізу формалары
сабақтың тәсілдері
сабақтың ерекшеліктері

Байланыстырып сөйлеу түрі:
монолог пен диалог
реплика мен монолог
реплика мен диалог
полилог пен монолог

Жетекші сұрақ қоятын байланыстырып сөйлеу түрі:
монолог
диалог
монолог пен диалог
полилог

3 жастағы балаға қайталап әңгімелеуді үйрету үшін пайдаланылатын сұрақ:
жетекші сұрақ
жеңіл сұрақ
қызықты сұрақ
қиын сұрақ

Әңгімелеп беру тәсілдері:
суреттеу, баяндау, пікір айту
суреттеу, баяндау, жинактау
талдау, пікір айту
баяндау, қорытындылау

Балаларды байланыстыра сөйлеуге үйретудің бірінші бөлігі:
шығарманы мәнерлеп оқу
шығарманы дауыстап оқу
шығарманы тыңдау
шығарманы талдау

Бір адамның байланыстыра сөйлейтін сөзі:
монолог
диалог
риторика
полилог

Монолог мәтінін қайталап айтуға көмектесетін жұмыс түрі:
есіне түсіретін сұрақты қою
топпен
сөздік жұмыс
жеке

Әңгіменің түрлері:
сипаттау, сюжеттік
сипаттау, қайталау
сипаттау, түсіндіру
түсіндіру, сюжеттік

Сурет бойынша әңгімелету сабағында хор мен жеке жауап беруді алмастыру, ойын және эмоционалдық тәсілдердің міндетті түрде болуы, көркем сөздерді қолдану ерекшелігі қай топқа тән:
кіші топ
ересек топ
ортаңғы топ
даярлық топ

Натюрморт пен пейзаждық суреттер бойынша әңгімелеуді қай топтан енгізеді:
даярлық топ
кіші топ
ересек топ
ортаңғы топ

Показать ответ
Ответ:
rokovayajenshi
rokovayajenshi
05.07.2020 09:59
Ұлыстың Ұлы күні
Ұлыстың Ұлы күні – «Наурыз» мерекесімен байланысты концептуалды ұғымдардың бірі. Ұлыстың ұлы күні деген сөз орамындағы Ұлы күн, Жылдың бас күні. Ең абзал, ең мәртебелі болып ұғынылғандықтан қазақтар Ұлы күн деп атаған. Ал ұлыс сөзі жұрт, ел, халық білдіретін жиынтық ұғымның атауы. Ұлыс оң болсын дегендегі ұлыс осы аталған мағынаны білдіреді. Қысқасы, сөз бір-бірімен байланысып, тіркесіп барып «Наурыз» мейрамы дегенді білдіреді. Мәшһүр Жүсіп: «Қазақта Наурыз деген кісі аты болған. Келін-кепшіктер атай алмай «Ұлыс күні» деп, Ұлыстың ұлы күні деп кеткен. «Ұлыс» - Түркінің ата-бабаларынан қалған ескі тіл. Біздің қазақта Ұлыстың ұлы күні – «Наурыз» - дейді.

Наурыздама тойы – «Наурыз» мерекесіне қатысты негізгі ұғымдардың бірі, наурыз көжеден басқа. Әдетте, ел ішіндегі аса бай, дәулетті адамдардың наурызды той қылып өткізуін наурыздама дейді. Наурыздама тойы бір аптаға созылып, сегізінші күні тойға келгендер тарай бастайды. Арқа еліндегі дәулетті Тәтидің наурыздама тойын өткізген деп, арғынның атақты биі Едігені жүз кісісімен күткендігі жөнінде Мәшһүр Жүсіп жазбаларында мынадай дерек бар: Сіз бір жақтан бір жаққа бара жатқан жолаушы емессіз, әдейін наурыздама қылдыра келдіңіз! Ұдайымен сегіз күн қылмаған соң, мұның қылуға не сәндігі бар?! – деп, сегіз күн күтіп, сыйлап, бір күнінен бір күнін асыра беріпті.

Тәти мырза алдырған түлкілерінің ішінде бір қара түлкісі бар, наурыздаманың үстінен келіп қалыпты. Қара түлкі алдырып келгеніне бір қуанып, «Наурыздама қылдырамын!» - деп, Едігенің келгеніне қуанып:

«Бұл наурыздама Баяудікі болды. Мен ұрғашы наурыздамасына ортақтаспаймын!» - деп, басы Едігенің өзіне түйе бастатқан тоғыз, онан кейінгісіне: біріне ат, жүз кісіден бір кісіні құр қойған жоқ. Ең аяқ атшыларға бір-бір матадан үлестіріп: - Міне, менің наурызым! – деп, сый қылыпты.

Міне, сондай жақсы күнде тасып кетіп алған дуа ұрпағынан Шорман шығып, Мұса шығып, байлық, беклік таласа қоса шығып, жалпақ Сүйіндікке құт ауыл, ұйытқы ауыл болып тұр. Бұл күндегі пәленшекем, түгеншекемнің пейіліне қарағанда, тағалы торы тай ұстап тұра алмайтұғын пейіл бар. Атасына, бабасына тиген осы екен. Оңған, ілгері басқан біреуді: «Шіркін атасына, бабасына дуа тиген тұқым ғой!» - дейді.

Халықтың Наурыз мейрамындағы салт-ғұрыптардың бір алуаны табиғатпен «тіл табысу», оны қасиеттеу мағыынасында болса, енді бір алуаны адамдар арасындағы этикалық-моральдық қатынастарды реттеу, нормаларын нығайту, жолға қою мақсатына бағытталады. Жүректе // көңілде өткен күннен дақ, реніш, өкпе-қалдықтың қалмауы, бұларды дер кезінде жүректен // көңілден кетірмесе, аяғы араздыққа, дау-жанжалға, қатыгездік пен қастандыққа апарып соқтырады. Сондықтан Наурыз мейрамында кешірім сұрау, кешіру тәрізді адамгершілік акциясы өткізілген. Мұның өзі жүректі таза ұстау, кір шалырмаудың халық ұғымында соншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы. РПК «СЛОН», 2013. 4-том. 489-490-бет.

12 Наурыз 2015 ж.
0,0(0 оценок)
Ответ:
hadmatter
hadmatter
01.09.2021 16:11
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота