4. Бос орынға еліктеу сөздерді қойып жазыңдар. Қызметін түсіндіріңдер.
Күн ... күркіреді. Олар ... күлді. Уәлихан апасына ... етеді. Ай сәулесімен ...
етеді. Тоғайдан ... еткен дауыс естілді. Аттар ауыздығын ... шайнайды. Бүлдір-
шіндер ... жүгіріп жүр. Ауыл маңы ... болып жатыр. Доп өзенге ... етті. Жаң-
быр ... етіп жауды
-Маңсұр,сен Ресей ғылым академиясының кітапханасында болып көрдің бе?
-Ия, Айман.Маған бұл сұрақты не себепті қойдың?
-Кітап оқығанды менің жаным сүйеді.Естуімше осы кітапханада қызық кітаптар көп.Бұл ақиқат па,жалған ба
-Әрине,ақиқат.Сан-алуан кітаптардың арасынан,мен тіпті қайсысың бірінші оқып бастайтынымды таңдай алмай қалдым ғой.
-Енді неліктен бұл кітапхана әлемнің ең үлкен ғылыми кітапханаларының қатарынан орын алатыны белгілі болды.
-Айман,сен маған Ресей ғылым академиясының кітапханасы жайлы қызық мәліметтер айтып бере аласың ба?
--Ресей Ғылым академиясының кітапханасы - Ы Петрдің бұйрығымен 1714 жылы соғылған. Кітапханана ұйымдастыру басты мақсаты – еуропалық білімге құштар, барлық сауатты адамдарды кітаптармен қамтамасыз ету. Кітапхана қоры - көптілді және әмбебап.
-Рахмет,Айман.
Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.
Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.
Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.
Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.
Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!