Keyboard_arrow_down Тоқсандық жиынтық бақылау
ОҚЫЛЫМ
Қазір Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған. Әр спорттың түрінен әлемге танылған спортшылар аз емес. Қазақстан спорты жылдан жылға дамып келеді. Қазақстаннан 1996 жылы Атланта қаласында өткен олимпиадаға 94 спортшы қатысса, 2000 жылғы Сидней олимпиадасында 130 спортшы бақ сынады. 2004 жылғы Афины олимпиадасына 114 спортшы, 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында 129 спортшы додаға түсті. 2012 жылғы Лондон олимпиадасы аса сәтті болды, 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль алған қазақстандықтар 204 елдің арасынан 12-орынды еншіледі.
XXXI жазғы Олимпиада ойындары Бразилия мемлекетінде, Рио-де-Жанейро қаласында ұйымдастырылды. Бұл олимпиада 2016 жылдың 5 - 21 тамыз аралығында өткізілді. Бұл олимпиадаға 146 елдерден 5412 спортшылар қатысты. Спорттың 28 спорт түрінен 306 комплект медальдар берілді. Ойындар Рио - де – Жанейро қаласындағы «Маракана» атты спорт кешенінде өтті. Рио Олимпиадасына Қазақстаннан әлемдік бәсекеге 26 спорт түрінен 104 спортшы қатысып, бақ сынады. Қазақстандықтар барлығы 17 медаль (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) жеңіп алды.
Біз жүзуден - Дмитрий Баландин, боксшы - Данияр Елеусінов, Василий Левит; дзюдодан - Елдос Сметов; ауыр атлеттер – Жазира Жаппарқұл, Ниджат Раxимов және басқа да спортшыларымызбен мақтанамыз.
1-тапсырма.Берілген сөйлемдерден бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз. [ ]
Тұжырым
Шын
Жалған
Қазақстанда спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылған спортшылар аз.
XXXI жазғы Олимпиада ойындары Бразилия мемлекетінде, Рио - де – Жанейро қаласында ұйымдастырылды.
Рио Олимпиадасында Қазақстандықтар 3 алтын, 5 күміс, 9 қола жеңіп алды.
2-тапсырма.Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
көп (антоним) - [ ]
дүние жүзіне (синоним) - [ ]
3-тпсырма.Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен (по порядку) орналастырыңыз (1, 2, 3). [ ]
Мәтіндегі ақпараттар
Реті
А
Рио олимпиадасы 2016 жылдың 5 - 21 тамыз аралығында өткізілді.
В
Біз танымал спортшыларымызбен мақтанамыз.
С
Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған.
4-тапсырма.Сұраққа толық жауап жазыңыз.
Рио Олимпиадасы қайда өтті? [ ]
ЖАЗЫЛЫМ [ ]
Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы. Составьте текст об одном из олимпийских чемпионов-казахстанцев.
соч жаз
Леопард - высокогорный хищник. Он очень хитрый,
сильный и быстрый. Он прыгает на высоту 15 метров. Маленький
Помимо животных и птиц, иногда встречаются архары и куры.
Туловище леопарда 120-150 см,
Длина хвоста достигает 90 см, вес 23-43.
весит до кг. Интересно, что такой крупный хищник
не нападает на человека. Он похож на кота. Кошка
Мяукать и громко шуметь. Леопарды размножаются с 3-4 лет.
начинается. Количество щенков от 1 до 5. Леопарда
в связи с резким сокращением количества ООПТ в Казахстане
Занесен в «Красную книгу».
Аяз би - қазақ ертегісі.
Ертегідегі Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым, парасатты, адал, шыншыл, көреген, тапқыр, кішіпейіл, іззетті, көпшіл, қайырымды, қанағатшыл. Бұл қарапайым халық бұқарасының «елді осындай адам басқарса» деген арманынан туған бейне.
Аяз би туралы айтылатын ертегі-аңыздардың бәрінде дерлік Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады. Жаман хан болғаннан кейін де жыртық тоны мен жаман тымағын хан сарайы босағасына ілдіріп қояды. «Кей-кейде хандық тақтың буымен көңілім тасып, асып бара жатқандай болсам, соған көзім түседі де, тез тәубама келемін» дейді екен. Сөйтіп ол жыртық тоны мен жаман тымағын көрген сайын тәубасынан жаңылмай, өзіне-өзі: «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп отыратын болған.
Өмірдегі реалды нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегі жанрының өзіндік қасиеті болғандықтан, ертегіші де оның мазмұнын барынша әсірелеп көрсетуге, сырлы да ғажайып етіп көрсетуге күш салады. Мәселен, «Аяз би» ертегісіндегі ханның әлсіз, жоқ-жітік, жаман қойшының ақыл-парасатын мойындап, оған хандық тағын сыйлап беруі өмірде әсте болуы мүмкін емес жағдай. Бірақ ертегіші осылай баяндайды, тыңдаушы оған иланады. Өйткені ертегіні айтушы да, тыңдаушы да өмірде бір рет болса да солай болғанын қалайды, соны армандайды. Қысқасы, Аяз биді өмірде болған тарихи тұлға дегеннен гөрі, халықтың «ел басқаратын адам осылай болу керек» деген арманынан туған Арман ханы, ел билеушіге тым ертеде ескерткен халық даналығы мен асқақ мұратының көрінісі деген орынды.