Суы бар ыдысқа көлемдері бірдей қарағай (ρқ = 400 кг/м3), парафин (ρп = 900 кг/м3), тығын (ρт = 240 кг/м3) кеcектері салынған. a) Кері итеруші күш көп әсер ететін кесекті анықтаныз [1]
b) қай денеге ең аз кері итеруші күш әсер етеді? [1]
с) 1-ші, 2-ші және 3-ші денелерге әсер ететін кері итеруші күштерін салыстырыңыз [1]
намыс деген сөз шығады
Объяснение:
Намыс.
«Адам болам десең, арыңды ақшаға сатпа» деген халық даналығында өте терең мағына, тәрбие жатыр. Себебі, намыс - намысқойлық – адамның ар-ождан үні, рухани-құндылықтық сезімі. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді. Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады.
«Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат» деп, қазақ халқы қашан да ар – ұждан, намыс секілді ұғымдарды аса жоғары бағалап, қастерлеген. Себебі, бұл – адамдықтың белгісі. Ер балаларды бала күнінен бастап, намысшыл болуға тәрбиелеген. Өз ойым, намыс қашанда керек деп есептеймін, кез келген жерде, кез келген жағдайда. Мысалы, ғылым мен білімде, мәдениет пен өнерде, спортта, т.б. салаларда өз ұлтының намысын биік қойған адам бәсекеге қабілетті болуға талпынады. Намыстың жоғары болуы отаншылдыққа бастайды. Патриоттық сезімді арттырады. Өз еліңнің, жеріңнің қадірін айрықша білуге, қастерлеуге үйретеді.
Ал менің қазіргі жастарға, өзімнің құрбы – құрдастарыма айтарым – «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген қағиданы әрқашан есте сақтап, ар – намыстың қадірін біліп, ұлттық намысымызды сақтай білейік.
Объяснение:
Үш тұғырлы тілді меңгеру – заман талабы. Оны оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдегі ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр адам рухани-адамгершілігін арттыруы үшін бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек етуі үшін жан-жақты болуы қажет. Ел экономикасы мен өндірісін, тұрмысын көтеру мәселелері де бүгінгі таңда шетелдік жаңа технологияларға байланысты. Осы ретте де ағылшын тілін білу қажеттігі айқын байқалады. Бүгінгі күні өмірдің барлық салаларында ағылшын тілін меңгеру қажеттігі туындап отыр. Сондықтан мектептерде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту тәжірибесінің енгізілуін өмір талабынан туындаған, көпшілік көңілінен шығатын жаңашылдық деп қабылдау керек. Қазіргі кезеңде мектептерде ағылшын тілін оқыту оң жолға қойыла бастады. Оқушылардың ағылшын тілін тек біліп қана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуіне көп көңіл бөлінеді. Оқушылар олимпиада, конкурстарға жиі қатысады. Ағылшын тілі сабағы оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу білік-дағдыларын қалыптастыру, яғни ағылшын тілін қарым-қатынастық мақсатта оқыту, тіл арқылы халықтың рухани байлығын, тарихын танытуды көздейді. Оқушылар сабақта әңгімелесу, бір-біріне сұрақ қою, берілген заттарды сипаттау бойынша анықтау, аударма жасау, сахналық қойылымдарға қатысу арқылы ағылшын тілін үйренеді, меңгереді. Топтар арасында сайыстар, мәнерлеп оқу жарыстары өтіп тұрады. Ағылшын тілін үйрету – қиын да қызықты міндет. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған басты талаптардың бірі – жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру. Бұл тілдерді үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Оны оқыту үдерісінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқу өте маңызды. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже немесе ұғымдар анықтамасын тек қана жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық мәселелер мен қағидаларды меңгерту тиімді болып табылады. Әлемдік деңгейдегі игіліктерді жақындататын мақсатқа жету үшін бізге бірінші кезекте халықаралық қатынас тілі болған ағылшын тілін үйренуге жастарымызды жатпай-тұрмай баулуымыз керек. Оның өте қажет екенін уақыт өткен сайын өткір сезініп келеміз. Соны Елбасымыз асқан көрегендікпен тап басып, балаларымыздың АҚШ-тың, Англияның, басқа да шетелдердің жоғары оқу орындарында мемлекеттік грант бойынша білім алу квотасын жыл өткен сайын көбейте түсуде. Мысалы, биыл осындай қамқорлықтың арқасында сыртта оқитын студенттеріміздің саны үш мыңнан асты. Айта кетейік, бұлардың қатарында ағылшын тілін білмейтін бірде-бір бала жоқ және ондай ұл-қыздарымыз одан басқа пәннің бәрін білсе де шетелдік оқуға қабылданбайды. Сондықтан балалардың өз мектептерімізде ағылшынша біліп шығуы өте тиімді екеніне көзіміз жетіп отыр. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында «Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді», дей келіп, оны орындаудың нақтылы жолдарын атап көрсеткенін ешкім жоққа шығара алмайды. Демек, ұлттық тіліміз үш тұғырлы тілдің көлеңкесінде қалады деп үрейлену негізсіз. Қазақстанның жедел дамып отырған адамзат қоғамының көшінен қалмай, қазіргі заманға лайық биіктен көрінуі, Мемлекет басшысы Жолдауда атап көрсеткендей, ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты. Елдің ертеңгі өрісі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Еліміздің білім беру саласында жүріп жатқан реформаның ең басты мақсаты да осы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру жүйесі бойынша әрбір облыста өздері таңдаған 1 не 2 мектеп эксперимент алаңы ретінде белгіленіп, олардағы 7-сыныптарда жаратылыстану-математикалық циклдың 1 пәні ағылшын тілінде оқытылуда. Мұндай эксперименттік оқыту жүйесі өзім жұмыс жасайтын білім ордасы – дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінде де жүргізілуде. Үш тілде оқытылатын мамандандырылған мектептердің негізгі мақсаты бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі тануға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру болып табылады. Үш тілде оқытатын сыныптарда ағылшын тілі пәні кеңейтіле оқытылады, ал биология, физика пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі. Қазіргі дүниеде қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін бірден-бір фактор – тіл.