ОҚЫЛЫМ АЙТЫЛЫМ 1-тапсырма. Пікірді оқы. Онда не туралы айтылғанын анықта. Автордың тұжырымын өз ойыңмен байланыстырып айт. Қазіргі таңда ғалымдар арасында қазақ тілінің жазу таңбасын реформалау туралы сан алуан пікірлер айтылып жүр. Бірі: «Кирилл қарпін өзгертпеу ке- рек», - десе, бірі: «Латын жазуын алған тиімді», деп санайды, ал енді бірі «Сонау көне дәуірде қалған төл жазуды тірілту қажет» деген ұсыныстарын ай- тады. Ол пікірлердің қайсысы жеңіп шығарын уақыт көрсетеді. ОҚЫЛЫМ 2-тапсырма. Әлем ғалымдарының төмендегі пікірлерін оқы. Бір пікірді өз ойыңмен сабақтастырып, таратып айт. Зерттеушілеріміздің барлығы да бірауыздан қазақ тілін «ең бай, ең таза түркі тілдерінің бірі» деп таниды. Қазақтар шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері... (П. М. Мелиоранский).
Объяснение:
Біз дене шынықтыру сабағында волейбол ойнағанды ұнатамыз. Ойын алаңы кішкентай болғандықтан, волейбол – көп күш жұмсалмайтын спорт түрі деп ойлап қалатын шығарсыздар. Бірақ, шын мәнінде, бұл ойын кезінде барлық бұлшықеттер қозғалады. Әрине, бірінші кезекте – бұл қолдар. Ал, екінші кезекте – аяқтар, себебі жиі секіруге тура келеді. Бұл спорт түрі қолдың ептілігін және күшін дамытады. Жеңіске жету үшін, командаңыз бір жұдырықтай болуы керек. Қарсыластың стратегиясын, оның күшті және әлсіз жақтарын түсіну өте маңызды. Мен волейбол ойнағанды жақсы көремін. Әр ойыннан кейін өзімді мықты сезінемін.
Әбу Насыр әл-Фараби – түркі халқы үшін, оның ішінде қазақ халқы үшін орны ерекше тұлға. Қазақ жерінде, нақтырақ айтсақ, киелі Отырарда дүние есігін ашқан. Жастайынан оқуға құштар болып өскен ол бар саналы ғұмырын ғылымға арнады. Әл-Фараби қазақ ғылымының дамуына өлшеусіз үлесін қосқан ғалым. Оны Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деп айту бекер емес. Қазіргі таңда біз ғылым-білімнің ордасы – АҚШ, Жапония елдері деп білеміз. Ал, бұрын Еуропа елдері, Түркі елдері болған. Оған әл-Фарабидің еңбектері куә. Жеті жұрттың тілін білген әл-Фараби жер бетіндегі материалдық денелерді былай қойғанда ғарышты зерттеген. Ешқандай технология дамымаған заманда ғарышты зерттеу оңай болмаған. Осыдан-ақ оның жанкештілігін аңғаруға болады.
Әл-Фараби жан-жақты болған. Ол тек астрономиядан бөлек, медицина, философия, математика, жаратылыстану, метафизика, логика, музыка және тағы да басқа көптеген салаларда ізденіп, артында мол мұра қалдырды.