Қазақ тілі оқулығыңның 52-бетіндегі оқылым мәтінін оқып шығып, оқу барысында жақша ішіндегілердің қайсысы шылау, қайсысы қосымша екенін, бірге не бөлек жазылатынын ажыратып, жақшаны ашып, көшіріп жаз. Мысалы: Сен жігерсіз де, ақылсыз да бала емессің. Мойныңа алсаң, бәрі де қолыңнан келеді. т.б.
2-тапсырма
Қазақ тілі оқулығыңның 53-бетіндегі "Артық болмас білгенің" айдарында берілген мәтін бойынша фразеологизмдерді қатыстыра отырып, дара тұлғалар арасындағы достықты 2-3 сөйлеммен тұжырымдап жаз.
берем
Әр халықтың қалыптасу,даму жолында өзіне тән ерекшеліктері жетерлік.Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі Күлтегін ескерткіші. Атап айтқанда көне дәуірдегі мәдени мұралар өте-көп. Мысалы: Білге қаған,Култегін,Тоныкөк. Бұл тарихи құндылықтарды зерделеп жарыққа шығару қай мемлекетте болмасын маңызды мәселелердің біріне айналған. Кеңестер одағы кезінде, СССР кезінде тарихымызды зерттеу мүмкін болмады. Сондықтан болар ата-бабамыздың осындай бай мұрасы Түркі әлемін зерттеуде ғалымдарымыздың негізгі еңбектері егемендіктен кейін ғана көріне бастады. Мысалы Ғ.Айдоров екі жүз елу ден астам ғылыми зерттеу еңбектер мен оқулықтар жазған.Орхон Енисей жазуы маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние.
күрделі сөздер: қалыптасу-даму,Орхон-Енисей,өте-көп,СССР, ата-бабаларымыз,екі жүз елу.
Биылғы жылғы қызық оқиғалар
Биыл жазғы демалыс басталысымен мен ауылға кеткен болатынмын. Ондағы достарыммен талай қызықты бастан кештік. Солардың біреуін айта кетейін.
Күндердің бірінде біздің үйдің қой кезегі келіп, мені атам мен әжем қой бағуға жібереді. Мен жаныма досымды ертіп, біріміз атқа мініп, біріміз есекке мініп, бір отар қойды айдап кеттік. Жарты күн өтіп, түскі тамақты ішіп алған соң, досымның ұйқысы келіп, маған «кезектесіп ұйықтайық» деп, өзі жатып қалды. Мен біраз табиғатты тамашалап, қойларды бақылап отырғанымда қалай ұйықтап кеткенімді де білмеймін. Бір кезде оянсам, отар қойымыздың біреуі де жоқ. Досымды оятып, екеуміз не істерімізді білмей, әбден састық. Амал жоқ, ауылға қайта келуге тура келді. Не деп айтарымызды да білмейміз. Бір ауылдың қойы із түзсіз жоқ. «Енді қайттік?» деп еңсеміз түсіп келе жатқанда көрші үйдің қорасының алдында тұрған қойды көрдік. Не қуанарымызды, не жыларымызды білмей, қораға жақындап келсек, әлгі үйдің қойлары түгел орнында. Досым екеуміз аң - таңбыз. Бұл сонда қалай болғаны? Қойлардың өздері қайтып кетуі мүмкін емес. Сөйтсек, ауылда қалған достарымыз келісіп, осылай әзілдеспек болған екен! Мұны естігенде, әрине, алдымен достарымызға біраз ренжідік. Бірақ уақыт өте келе, бұл әзіл есте қаларлықтай оқиға болды.