1. Бір жылда неше ай бар ? A ) 10 B ) 12 C ) 11 2. Синоним сөздерді табыңдар А ) тір , кен В ) жаксы , жаман С ) салт , дәстүр 3. Жылдың қай мезгілінде ағаш жапырақтары сарғайып түсе бастайтынын табыңдар А ) күзде В ) кыста С ) көктемде 4. Заттың санын білдіретін сөз табын көрсетіңдер А ) зат есім В ) сын есім С ) сан есім 5. Шайдың Отанын табыңдар A ) Үндістан В ) Қытай С ) Жапония 6. Тұйық етістікті табыңдар А ) баpy B ) келді С ) орындады 7. Берілген сөйлемге тиісті септеулік шылауды кой . Ол достарымен ... шай ішті . А ) аркылы В ) бірге С ) кейін 8. Қурмалас сөйлем нешеге бөлінеді ? А ) 2 В ) 4 С ) 3 9. Сен үйге барасын ба ? Қандай сөйлем ? А ) сураулы сөйлем В ) буйрыкты сөйлем С ) құрмалас сөйлем 10. Інтернет кайда пайда болды ? A ) Ресейде В ) АҚШ - та С ) Еуропада 11. Қазақ тілінде неше әріп бар ? А ) 36 В ) 42 С ) 38 12. Антоним сөздерді табыңдар А ) кызыл , жасыл В ) тар , кең С ) салт дәстүр 13. Кітапханашылыққа деген сөзде негізгі түбірін анықта А ) кіtаtіхана B ) кітапханашы С ) кітап 14. Апа - сіңлілердің баласы бір - біріне кім болады ? А ) жиен В ) нағашы С ) бөле 15. Біріккен сөзді табыңдар А ) тисбака В ) бүгін С ) мүмкіндік 16. Сенің класында канша оқушы бар ? А ) сураулық шылау В ) көмекші сөздер аркылы С ) сұрау есімдігі 17. Отбасы мүшелерінің атауын табыңдар A ) әке , шеше , ата В ) аспазшы , жұмысшы С ) мектеп , мұғалім , бала 18. Тұйық етістікті табыңдар A ) ескерді В ) жүгіреді С ) оқу 19. Интернет желісіне қосылу үшін компьютерге не қажет ? А ) caйт B ) модем С ) телефон желісі 20. Сала мен ауылға бардым , бір ай жақсы демалып қайттым . Қандай сөйлем ? А ) жай сөйлем В ) Құрмалас сөйлем С ) Сұраулы сөйлем
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!