Тапсырма 1.. Мәтінді мұқият оқып, «Астана- арманға қойылған ескерткіш» деген пікірді дәлелдейтін өлең жолдарын іріктеңіз. Астана
Әр дәуір көктемі жаныңда бүр атып,
Мұратын көтеріп барады ел.
Сақтардың сүйегін мүжуде уақыт,
Ғұндардың қорымын кеміріп қара жел.
Ал рухы айналып ақынның сөзіне,
Сол сөзі жаныммен, қаныммен сезінем!
Бабалар қарайды мұражайға қойылған,
Мыңжылдық бассүйек көзімен.
Соларға қойылған ескерткіш жас қала,
Төгілген қанға да, төгілген жасқа да.
Сөнбейді, сембейді Түркінің үміті,
Үмітке қойылған ескерткіш – Астана!
Ғасырлық шаттыққа, ғасырлық мұңға да,
Ұлт үшін құрбандық етілген ұлға да,
О, мәңгі өлмейді Алаштың арманы,
Арманға қойылған ескерткіш бұл қала!
Өткенім – өзекте, бүгіннің меңі – Арда,
Ұят та, намыс та,жүректе, жанарда,
О, мәңгі өлмейді түркінің ертеңі –
Ертеңге қойылған ескерткіш – Елорда!https://adebiportal.kz/kz/newsЕрлан Жүніс
Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дүрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себептер. Ішімдікке салынып кетуге болмайды. Ішімдікті жақсы көретін адамнан бақытсыздықтан басқа ештеңе күтуге болмайды. Лев Толстой: "Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы — адамның рухы мен ұрпағын жояды", -деген болатын.
Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дүрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағатгай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.