В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
vanyaevsik
vanyaevsik
26.07.2022 19:26 •  Қазақ тiлi

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. «Қызыл кітап» – қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны.1948 жылы дүниежүзінің ғалымдары халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер Скотт ұсынды. « Қызыл кітапқа» құлан, арқар, дуадақ, сонымен бірге барыс,аққу,бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр, жабайы қызғалдақ т.б.аңдар мен құстар, өсімдіктер кіреді. Бүгінгі күні Қазақстанның «Қызыл кітабына» балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар,сүтқоректілер, өсімдіктер енгізілді. « Қызыл кітапқа» жойылып кеткен жануарлар енгізілген. Олар: дронт,қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт. Жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалып, сақталады. Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек! Қазақстанда он қорық бар. Олар: Ақсу-Жабағылы, Барсакелмес, Үстірт, Наурызым, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алматы, Марқакөл,Алакөл, Қаратау. 1. 3-абзацта не туралы айтылған? А) жануарлар жайлы кітап шығару туралы В) жануарлар дүниесі туралы С) табиғатта аз кездесетін жануарлар туралы Д) табиғатты қорғау туралы 2. «Қызыл кітапқа» енген жануарды белгілеңіз? А) арқар В) бірқазан С) қызғалдақ Д) тырна 3. Қай мақал-мәтел мәтіннің идеясына сәйкес келеді? А) Бұлақ болмаса, өзен болмас еді. В) Бір тал кессең, он тал ек. С) Табиғат – тал бесік. Д) Жердің көркі тал болар, елдің көркі мал болар. 2-тапсырма Мәтіннен негізгі ақпаратқа 1 сөйлем, қосымша ақпаратқа 1 сөйлем тауып жазыңыз. 3-тапсырма А.Төменде берілген мәтіндегі асты сызылған сөздердің синонимін, антонимін табыңыз. Ә. Осы мәтіннен омоним болатын сөздерді табыңыз. (Мысалы: бас , ... ) Ақ сексеуіл Ақ сексеуілдің ұшар басы ақшылдау болып келеді.Сексеуілдің ағашы өте мықты әрі ауыр болғандықтан, суға батып кетеді. Бұл - таскөмір беретіндей жылу бөле алатын бағалы отын. Тамырының ұзындығы 10 метрден асып жығылатын сексеуілдің жер бетіндегі діңі бес метрден асады. Оның ұзын әрі кеңінен тармақталған тамырлары сусымалы құмды торлап алып, оның қозғалысын тежейді. Осы себепті сексеуіл құмды тоқтатуға таптырмайтын өсімдік болып табылады. Шөлге төзімді, жас өркендерін қыста қой, түйе жақсы жейді. БЖБ КӨМЕК БЕРІҢІСШ

Показать ответ
Ответ:
tynvik
tynvik
29.06.2020 05:41

Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Байұлы тайпасы Беріш руының Қаратоқай бөлімінен шыққан[1]

Мұрат Мөңкеұлының мазары

Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.

Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.

Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.

Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау - Мұрат - Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен.

Мұрат Мөңкеұлы шығармалары «Мұрат ақынның Ғұмар Қазиұлына айтқаны», «Ақын», «Мұрат ақынның сөздері», «Бес ғасыр жырлайды», «Алқаласа әлеумет», тағы басқа жинақтарда жарияланған. Б.Қорқытовтың құрастыруымен ақынның жеке жинағы шыққан.

Шығармаларын Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Қ.Жұмалиев, Б.Омаров, Қ.Мәдібай, тағы басқа ғалымдар зерттеген. Кейбір шығармалары орыс тіліне аударылған

0,0(0 оценок)
Ответ:
105195hhafhotpb
105195hhafhotpb
19.06.2022 19:20

Күн қайда асығады?!

Нендей күш күннің нұрын жасырады?!

Қызарып соңғы сәуле шашырады.

Күн түйе алмай барады шашын әлі.

Несіне асығады?!

Көкжиекке ымырт кеп асылады,

Түн келіп, дүниені басынады.

Күн неге асығады, асығады?!

О, жарық дүнием-ай!

Қуатым-ай!

Несіне асығасың, тұра тұрмай.

Өмірді басқа арнаға бұратындай.

Түннен қорқам...

Мәңгілік тұратындай.

Тоқташы!

Тоқтай тұршы, қуатым-ай!

Білмеймін асығатын Жер ме, Күн бе?!

Белгісіз, не күш мені тербетуде?!

Қара жер қашан өткен күнді айналып?!

Қозғалмай-ақ тұрмын ғой жер бетінде.

Жетпедім ұшығына күнде ойланып,

Жер қайда асығады, күнді айналып?!

Тірлікте қара түннің керегі не,

Кетпей ме онан-дағы күнге айналып.

https://weaft.com/documents/stihi-na-kazahskom-yazyke-mukagali-makataev-kazakh-language-poem

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота