Қонақжай халық. Қазақ халқы танымаса да, «құдайы қонақпын» деген адамды құрметпен қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға, үйге қонақ бола береді. Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күтпеу – ұят. Қонақ күту – қазақтың ең жауапты ісі. Келген қонақты риза етуге тырысады. Ең алдымен, қонақтарға сусын ұсынылады. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды. Ауылдағы әнші, күйші, өнерлі адамдарды шақырып, қонақтардың көңілін көтереді. Халқымызда «қырықтың бірі қыдыр» деген сөз бар. бұл сөздің мағынасы өте терең. Ата-бабаларымыз «қонақпен бірге құт, ырыс келеді, қонақты қусаң, құт, ырыс, қашып кетеді» деп ырымдаған.
Мен өз Отанымның патриотымын. Менің отбасым мақтанышым - атам, әжем, анам, әкем, бауырларым. Ата-анам маған өз отбасыңды қалай сүйсең Отаныңды солай сүй деп есімді білгеннен үйретіп келеді. Отанға деген сүйіспеншілік, әрине отбасынан, отбасында алған тәрбиеден басталады. Мен Қазақстандай кең байтақ елдің ұрпағы болғаныма қуанамын. Өз елің, өз Отаның, өз жерің, өз тілің болғанға не жетсін. Ел тыныштығы, сан алуан халықтың бір атаның баласындай ауызбіршілігі сүйсіндіреді. Мен өз Отанымның патриотымын.
Менің отбасым мақтанышым - атам, әжем, анам, әкем, бауырларым. Ата-анам маған өз отбасыңды қалай сүйсең Отаныңды солай сүй деп есімді білгеннен үйретіп келеді. Отанға деген сүйіспеншілік, әрине отбасынан, отбасында алған тәрбиеден басталады. Мен Қазақстандай кең байтақ елдің ұрпағы болғаныма қуанамын. Өз елің, өз Отаның, өз жерің, өз тілің болғанға не жетсін. Ел тыныштығы, сан алуан халықтың бір атаның баласындай ауызбіршілігі сүйсіндіреді. Мен өз Отанымның патриотымын.