В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
мария2382
мария2382
13.10.2022 14:23 •  Қазақ тiлi

3-тапсырма. Тест сұрақтарының дұрыс жауабын белгіле 1. Екпіннің түрлерін көрсет а) дыбыс екпіні, интонация, кідіріс ә) сөз, тіркес, ой, дыбыс б) дауыс диапазоны, кідіріс, ой екпіні 2. Өмірбаян дегеніміз - ... а) жеке адамның өмір дерегі қысқаша көрсетілген ресми құжат. белгілі бір тұлғаның өмірбаяса, білімі мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі. икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі. б) нақты бір нәрсе туралы әсерлі баяндау 3. Бірге жазылатын сөздерді көрсет а) Іле Алатауы, асылтас ә) Марқакөл, халықаралық б) қып-қызыл, автоқалам 4. Күрделі сөздердің түрлерін атап жаз. 5. Бірнеше сөздің тізбектеліп келіп, бір ғана екпінге ие болуы қандай екпін түрі? Белгіле. а) ой екпіні D) сөз екпiнi ) тіркес екпіні

Показать ответ
Ответ:
gudishonozvm3p
gudishonozvm3p
17.02.2021 23:02

Мысалы: Ер тостик

Кейыпкерлери: Мыстан, Ер тостик, Ерназар - Төстіктің әкесі

Төстік

Кенжекей - Төстіктің жары

Таусоғар - тау қопаратын күші бар алып күш-қуат иесі

Желаяқ - айшылық алыс жерлерді бірер сәтте басып өтетін жылдамдық иесі

Көлтауысар - Көл суын бір сәтте жұтып қоя алатын адам

Саққұлақ - адам құлағы жетпейтін жерден дыбысты ести алады

Мыстан

Бапы хан

Шойынқұлақ

Объяснение:

Ер Төстік» – қазақ батырлық ертегілерінің ең көне үлгісі. «Ер Төстікте» ерте дәуірдегі халықтың мифтік танымы, ырымдары мен әдет-ғұрыптарының бәрі бар.

Төстік қиял-ғажайып жағдайда дүниеге келіп өседі. Жылан Бапы ханның жұмсауымен Төстіктің Темір хан еліне барып, онда қалыңдықты алу үшін сайысқа түсуі, осы сайыста кейіпкердің өз күшімен емес, керемет достарының арқасында жеңуі – қиял-ғажайып ертегінің заңдылығы. Мысалы, Шалқұйрық – тек жүйрік ат қана емес, алдағыны болжай алатын қабілеті бар, неше түрлі сиқырды білетін, адамша сөйлеп, адамша іс-әрекет қылатын қасиетті жануар. Ал жер астында Төстікке дос болатын Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысар сияқты кейіпкерлер – мифтік танымның сипаты. Ертедегі адамдардың мифтік түсінігі бойынша, желдің, таудың, судың "иелері" болған. Кейінгі замандарда олар көркемдік сипат алып, "достар осындай болса екен" деген адам арманын жүзеге асырушы бейнелер ретінде қабылданған

0,0(0 оценок)
Ответ:
dimabos888
dimabos888
26.09.2022 01:51

ұйқас деген ол сөздердің бір-біріне жақсы дыбыстық үндестігі келісуі қысқаша айтсам.

Ұйқас – өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі. Ұйқас өлең сөздің ырғағын күшейтуге себін тигізеді, өлеңнің әуезділігін арттырады.

Ұйқас – ұйқас үшін тұрмауы керек, яғни ұйқас өлеңнің пішініне ғана емес, мазмұнына қызмет етуі шарт. Ұйқастағы табиғилық та осында жатады. Өлең ұйқасының үстіндегі іздену осы тұрғыдан болуға тиіс.

Ұйқастың түрлерін жіктеп-ажыратқанда, алдымен, оның сапасын, яғни сөздердің өзара қаншалықты үйлесетіні еске алынады. Бұл жағынан келгенде ұйқасты толымды ұйқас және толымсыз ұйқас деп бөледі. Мәселен, мақтанба, баптанба – толымды ұйқас болса, жұбанып, доғарып – толымсыз ұйқас екені өзінен-өзі көрініп тұр.

«Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі көп, – деп жазды академик Қ. Жұмалиев, – бірақ ең негізгісі және көп қолданылатындары мыналар:

1) қара өлең ұйқасы (ааба),

2) шұбыртпалы ұйқас (),

3) ерікті ұйқас (абвгб),

4) кезекті ұйқас (абвб),

5) шалыс ұйқас (абаб),

6) егіз ұйқас (аабб),

7) аралас ұйқас (аабвбвббб),

8) осы күнгі ерікті ұйқастар (абабвгд)».

Қазақ тіліндегі өлеңдерде жиі кездесетіндері – қара өлең ұйқасы, кезекті ұйқас және шалыс ұйқастар. Қара өлең ұйқасы, әсіресе, халық әндерінде кеңінен қолданылған:

Астыма мінген атым Бұқпа қара,

Шаң тисе, ақ бетіңе – ыққа қара.

Аулыңның сырт жағынан ән салайын,

Даусымды танымасаң, шық та қара!

Кезекті ұйқасқа мысал:

Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге,

Мал толтырсам деп едім (Махамбет)

Шалыс ұйқасқа мысал:

Желсіз түнде жарыық ай,

Сәулесі суда дірілдеп;

Ауылдың маңы терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп (Абай

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота