Алтын ұяң - Отан қымбат, Құт береке – атаң қымбат, Асқар тауың - әкең қымбат, Мейірімді – анаң қымбат, Туып өскен елің қымбат.
***
Асқар тау сенде бір мін бар- Асу бермейсің; Тасқын су, сенде бір мін бар- өткел бермейсің;
Билер, сендерде бір мін бар- Басқаға сөз бермейсің!
***
Ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады, Шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады.
***
Жігіттің жақсысы: Дұрыс сөзге тоқтай білген, Басқаны сөзіне тоқтата білген.
***
Екі адам керіссе, оның, арты – қызыл шоқ. .
Біз - үш жүз көріспейік, келісейік. Ал керісе қойсақ, үшеуімізге де бірдей – .
–Хандық түгіл ондық та жоқ. Мен - 29 рудан құралған Кіші жүзбін, Әрі көппін, әрі батырмын, әрі бимін! Керісер болсаң, Осы үшеуі маған - жайсыз, сендерге –?
***
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды. Ашу деген - ағын су, Алдын ашсаң, арқырар. Ақыл деген - дария, Алдын тоссаң, тоқырар. Кісі бірге туыспау керек, Туысқан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады. Жол қуған олжаға жолығады.
***
Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін; Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін. Бай болып пайдаң тимесе, Батыр болып найзаң тимесе, Жұрттан алабөтен үйің күйсін!
***
Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай; Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай; Тындырымды інісі болса; Қанат-құйрығы сай болып, Көңілі жай болып, Ағаның алар тынысы болса; Інінің міндеті - басқару, Ағаның реті - бас бағу емес пе?
Қазақ даласы – Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы.
***
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт береке – атаң қымбат,
Асқар тауың - әкең қымбат,
Мейірімді – анаң қымбат,
Туып өскен елің қымбат.
***
Асқар тау сенде бір мін бар-
Асу бермейсің;
Тасқын су, сенде бір мін бар-
өткел бермейсің;
Билер, сендерде бір мін бар-
Басқаға сөз бермейсің!
***
Ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады,
Шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады.
***
Жігіттің жақсысы:
Дұрыс сөзге тоқтай білген,
Басқаны сөзіне тоқтата білген.
***
Екі адам керіссе, оның, арты – қызыл шоқ. .
Біз - үш жүз көріспейік, келісейік.
Ал керісе қойсақ, үшеуімізге де бірдей – .
–Хандық түгіл ондық та жоқ.
Мен - 29 рудан құралған Кіші жүзбін,
Әрі көппін, әрі батырмын, әрі бимін!
Керісер болсаң,
Осы үшеуі маған - жайсыз, сендерге –?
***
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген - ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген - дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады.
Жол қуған олжаға жолығады.
***
Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін;
Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін.
Бай болып пайдаң тимесе,
Батыр болып найзаң тимесе,
Жұрттан алабөтен үйің күйсін!
***
Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай;
Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай;
Тындырымды інісі болса;
Қанат-құйрығы сай болып,
Көңілі жай болып,
Ағаның алар тынысы болса;
Інінің міндеті - басқару,
Ағаның реті - бас бағу емес пе?