ТЕКСТ ЗАДАНИЯ Тянь – Шань таулы аймағы Қазақстанның оңтүстік – шығысын алып жатыр. Республикамызға Орталық, Батыс Тянь – Шань және Солтүстік Тянь – Шань тауының барлық бөлігі кіреді. Ал Орталық Тянь – Шань Қытай, Қазақстан, Қырғызстан щекараларынан басталады. Осы жерде Қазақстанның ең биік нүктесі – Хан – Тәңірі бар. Оның биіктігі – 6995 м. Үшкір пирамидалы тау алыстан – ақ көзге көрінеді. Таудың айналасында небір аңыздар тараған. Оны кейде Тәңіртау немесе Қантау деп те атайды. Екінші атауға себеп болған – күн батар кезде тау шыңының қызыл түске боялатындығы. Бұл шыңға жету – әрбір қазақстандық альпинистің арманы деуге болады.
Жоңғар Алатауы Қазақстанның шығысында, Қытай мен Қазақстанның шекарасы, Іле мен Алакөл өзендерінің аралығында орналасқан. Жоңғар Алатауының ұзындығы - 400 шақырым. Орташа биіктігі - 3580 м. Мұнда осы күнге дейін таутекелер, арқарлар мекен етеді. Барсакелмес аралынан құландар әкелінген. Бұл аймақ көненің көзі саналатын ескерткіштерге бай: тасқа салынған суреттер, қорғандар әлі де зерттеліп келеді.
Сұраққа толық жауап жазыңыз.
Мәтіндегі «көненің көзі саналатын» деген тіркесті қалай түсінесіз?
рвлвиыдвдвтчоПАХЛИН