ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ Мәтінді түсініп оқы.
Мен өзім түсінбейтін сөзді әрқашан көкемнен сұрап аламын. Мұндай сұрақтарыма
көкем де ерінбей жауап береді. Бір күні:
Көке, Болашақ деген кім? – деп сұрадым.
– Болашақ - біздің туысқанымыз, - деді ол.
- Туысқан болса, үйіне неге қонаққа бармаймыз? Көкем күлді.
- Барамыз. Ертең түстен кейін жолдастарынды ертіп кел, мен сендерді Болашақтың
ауылына алып барайын, - деді арқамнан қағып.
Ертесіне балаларды түгел жинап келдім. Оқтай түзу көшемен тауға қарай ызғытып
келеміз. Көп ұзамай таудың ішіндегі қалың баққа келдік. Алма, өрік, түрлі жеміс-
жидек тұнып тұр екен.
- Міне, балалар, Болашақтың ауылына келдік. Ал қазір қолдарыңа шелек алыңдар
да, жерге түскен алманы теріп, мына жерге үйіңдер. Болашақтың салты бойынша
жинап жүріп алма жеуге болмайды, - деді.
Қып-қызыл алмаларды шелекке салғың келмейді, жеуге және болмайды. Ой, көзім
16:14
«д» ҚАЗ
Қобыланды Батыр жыры—қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны—шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған шығарма.«Қобыланды батыр»жырының ең көне түрі бізге жетпеген,өйткені жырды жырлаған ақын,жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып,өңдеп отырған. Сондықтан «Қобыланды батыр» жыры көп вариантты жыр болып саналады. «Қобыланды батыр» жырын жинау тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. Жырдың бізге 29 түпнұсқасы жеткен.Осы 29 нұсқасының 26-сы Қобыланды батырдың ерлігі жайында,ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырлар туралы жазылған.
Мәдениеттің түп төркіні бойымыздағы мінезде жатыр. Адамның мәдениет деңгейін кез келген ортада аңғаруға болады. Мәдениеттің ең биігінде тұру үшін, өзіңді рухани жағынан тәрбиелеу керек. Яғни, бұл - өзін-өзі тану. Адамды мінезі арқылы тануға болады. Себебі мінезі адамның ең жақын досы. Мінезді бірқалыпта ұстау қажет. "Мінез жанның айнасы" демекші, адамның мінезі, оның қандай екенін көрсетіп тұрады.
Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Яғни адамды қылығына қарап мінезін анықтауға болады. Әр адамның мінезі әртүрлі болатынын барлығымыз жақсы білеміз. Себебі бес саусақ бірдей емес. Дегенмен де жаман мінезден барлығымыз аулақ болуымыз керек. Мінез біздің досымыз болғандықтан оны әрдайым түзеп отыру қажет.