Тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз.
Ғарышкер Айдын Айымбетов Қарағанды облысына сәтті қонды
Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Жерге оралды – бүгін таңғы сағат 06.51-де капсула Қарағанды облысына қонды, – деп хабарлайды «Tengrinews.kz» тілшісі оқиға орнынан.
Экипаж құрамында Геннадий Падалки (Ресей), Андреас Могенсен (Дания) және қазақстандық Айдын Айымбетов бар ғарыш кемесі Жезқазған қаласының шығысынан 146 шақырым жерге қонды.
Ғарышкерлер капсуладан шығарылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың қан қысымдары жақсы. Ғарышкерлер шай ішіп, апорттан дәм татты. «Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Жоспарланған тәжірибелердің барлығын орындадым. Тағы бір рет ұшуға дайынмын», – деді қазақстандық ғарышкер тілшілерге.
Айдын Айымбетовті Жерде туыстары қарсы алды. Айта кетейік, бірнеше сағаттан кейін ғарышкерді Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды, сондықтан да ол Астанаға кетеді. Ал бірнеше күннен кейін Қарағандыда ғарышкерлердің қатысуымен ба з мәслихаты өтуі мүмкін.
Еске сала кетейік, 2 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-ФГ» тасымалдаушы зымыраны ғарышқа ұшты. 4 қыргүйекте «Союз» ХҒС-мен автоматты режимде түйісті. Айдын Айымбетов ғарыштағы әсерімен «Twitter» арқылы бөлісіп отырды. Ол оқырмандарына видео мен суреттер жолдады.
(а) Кестені толтырыңыз.
Мәтіннің жанры қандай?
Мәтін қалай ресімделген?
Басқа қандай жанрлық ерекшеліктер байқалады?
ОбъЗабавный факт
Яблоко, картофель и лук будут иметь одинаковый вкус, если есть их с зажатым носомяснение: