Тапсырма 1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Жұбыңызға мәтіндегі көтерілген мәселені мәтіннен мысалдар келтіре отырып талдаңыз. Сұрақтарға жауап бере отырып, мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз. 2. Жұбыныздың мәтінін мұқият тыңдаңыз, мәтін бойынша көтерілген қатысты сұрақтар қойыңыз. мәселеге [10] 1-мәтін Мамандық таңдау Уақыт ӨТЕ маңызды іc. дәстүрлі мамандықтар сұраныстан айырылып, жаңа маман иелерi пайда болады. Fast Future британдық агенттіктің футурологтары 2030 ЖЫЛЫ сұранысқа болып, ие мамандықтардың кең жайылатын тізімін болжады. 17 жылдан кейін заманауи инженерлер мен cary бойынша менедже дің орнына мынандай маман иелерi қажет болады: Ғылым жетістіктері этикасының маманы. Бұл кісі адамдарды клондау, өлілерді тірілту сынды адам өмірі мен өлімінің этикасына қатысты мәселелердi шешу керек. Ғалымдардың ойлауынша, ол уақытқа дейін өмір мен өлім адам қолында болады екен. Ғарыш туризм мамандары: ұшқыштар, бортинженерлер мен гидтар. Дамыған технология ғарышқа саяхаттауға мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.Ғарыш туризм мамандары: ұшқыштар, бортинженерлер мен гидтар. Дамыған технология ғарышқа саяхаттауға мүмкіндік қамтамасыз етеді. беріп, жаңа жұмыс орындарымен
Жер болашақта үлкен құндылыққа айналып, жерді үнемдеу өмірдің кез келген саласында байқалады. Өндіріс шаруашылық көп жерді алмас пен үшін, «тігінен тұратын фермалар мен өндіріс орындары» көбейеді. Осы салада жұмыс істей алатын мамандардың қажеттілігі де артады.
Климат
өзгерiсi
бойынша
маман
болашақта ең
жиi кездесетін
мамандықтардың қатарында болады.
Қарт кісілердің денсаулығын күтуші тек үлкен кісілерге медициналық маман көмек көрсететін болады.
Виртуалды құқықтың заңгері
қарапайым заңгерлерден де улкен сұранысқа ие болады. Ал виртуалды әлемді жинастыратын адам электронды пошта, гаджеттер мен компьютердегi файл мен папкаларды реттеп береді.
Әл-Фараби кітапханасы — Орта Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітап қорына ие мекеме. Бүгінгі таңда кітапхана қоры 2 миллионнан аса кітапқа жеткен. Ғылым ордасының алғашқы іргетасын елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қалаған екен. Оның ашылу салтанаты 2013 жылдың наурыз айында өткен болатын. Кітапханамызда концерттер, көрмелер, бітірушілерді дипломмен табыстау, құттықтау би кештері т.б. ғылыми және қоғамдық маңызы бар жиналыстар өткізіліп тұрады.
Кітапханада студенттерге барлық жағдай жасалған. Мұнда абонемент және жылы оқу залдарымен қатар, конференция залдары, элекетронды бөлім жұмыс істейді. Жабдықтардың барлығы заманауи талаптарға сай келеді. Мұнда келген студент компьютер арқылы іздеген кітабының бар жоқтығын бірнеше минутта ғана тексеріп алуына болады. Іздеген кітап қолжетімді болып шығады. Өйкені, бұл — ҚазҰУ кітапханасы.
Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентiнің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ТуыҚазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде "көк" сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
вот и все.