Сызықша қойылатын қатарды тап. Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген – адамның көрігі екен,
Достық деген ақылдың серігі екен.
Қыран күлкі, тамаша – бәрі осында,
Отырмын думан-тойдың арасында.
Береке бойдан асып жатқанымен,
Олқы тұр көңілім менің, нанасың ба?
Ұйытқып жатыр көңілде құйын-дауыл,
Heгe сен келе алмадың жиынға бұл?!
Жыраққа жалғыз мені жібермеші
Жаныңа жаманшылық бұйырмағыр!
Әне, жұрт өзді-өзімен, сөйлеседі,
Өзімсіп: - Ей! - деседі,- өй! - деседі.
Шіркіндер-ай, даурығып тыңдар емес!
Есіме ап, тост көтертсем, кейде сені.
Сенсіз көңіл қашан да хош тұрған ба?
Сенсіз думан – қызықсыз бос қырманда.
Әсіре ойнап қайтемін, әсіре күліп,
Сенің орның құлазып, бос тұрғанда.
Отырмын думан-тойдың арасында.
Сенсіз думан – қызықсыз бос қырманда.
Шіркіндер-ай, даурығып тыңдар емес!
Әне, жұрт өзді-өзімен, сөйлеседі...
очень
На фотографии снизу правильный ответ, проверенный в онлайн мектеп.