В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
yuliyakoshka0
yuliyakoshka0
15.06.2022 07:20 •  Қазақ тiлi

Стих на казахском акан сери бірінші бір қыз келер ақша маңдай перевод

Показать ответ
Ответ:
fox16319
fox16319
21.12.2020 10:14

Екеуі қоста оңаша қалғанда жөн сұрасты. Жас бала айшылық алыс жолдан барымтаға түскен қыпшақ жылқысымен қоса айдалып келген. Түрікпен Әмударияны бетке алып, Сыр бойы қыпшақтан алған қалың жылқыны дүркірете қуып, күн-түн жортқан ат үстіндегі сергелдең он бір жасар оғланды дереу есейтіп тастамаса да, қапелімде азат басына түскен қыл бұғауды тосырқап, тілі байланып, жан ұшырған.

– Аға, біз қыпшақ, атам аты Ерторы, әкем аты Құлпейіс, анамның сүт кенжесі Кенжебекпін, – деді бала көзі жасаурап, мөлтең қағып.

– Балам, сен мені жылқышы ата дерсің, – деді қазақ шал түсі жылып, – құдай аламанға кезіктіріп, таландыға бір түскен екенсің, бекер жаси берме. Ай-Күн жарықсыз болмас.

Ат құлағында ойнап өскен қыр баласы сол қырғын күнгі мың жылқысын қорыған қыпшақтың шетінен сүйекті, сай тасындай ірі, сом білегі тізеден келетін үш ер азаматының қасында шоқайып, өзі тіленіп, ат арқасынан түспей қойған. Қырық қаралы теке түрікпен* жер астынан шыққандай, жусаған жылқыға андыздай тигенде аз қыпшақ сүйірленіп, найза кезене, қарсы шабуылға қасқая ат қойды. Ешбірі тірі қалмасын білген, өлсе, жастығын ала өлмек. «Жал-жал құм арасына қаш! Қалың жыңғыл, сексеуілді панала, тез тығыл, жотадан ассаң, жау таппай қалар, құтыл, бауырым!», – деп бірі артына қарайлай бере, Кенжебекке жанұшыра айқайлаған.

Кенжебек астына мінген дегдар тұяқты жануар қиқу тиіп, құйрық-жалы нөсердей құйылып, дүр сілкінгенде желдей ескен мың бас жылқыдан үркіп, кісінеп салды. Ойдым-ойдым құм арасы жылқы жаюға қолайлы болғанымен, ат күрмеліп, шаба алмайды. Бала ішіне шоқ түскендей, айнала үшеуін, батыр ағаларын ажал сұмға қимай, көн садағын қолға ала ұмтылды. Омыраулай қарсы келген жалбыр бөрік дәу түрікпен ат үстінен қарғадай баланы жұлып кеп алды. Ұрыста жазым болып, қосақ арасында бекерге өлмесін деп ол баланы алдына лақша өңгере салды.

Жылқы күзеткен арыстай үш жігіт ұрыста өліп, Ерторының немересін табын-табын жылқымен қоса теке түрікпен олжалап, күнбатыс еліне айдап әкеткенін естігенде, тұсауы кесіле сала ат арқасына мінгізген қыпшақ елі ұлардай шулап, қатындар дауыс сала, бет жырта жылап, аһ ұрып қала берді.

– Қай ноғайсың? – деп сұрады бала іркілмей.

– Қаңбақша ауып, тамырсыз дедектеген мен бір қаңлы.

– Қаңлы ішінде қай аталық? –деді бала ересек адамша сыр тартқысы кеп.

– Тегін сұраған жат болмайды. Қаңлы десем, көгім қазақ дегенім, қарағым. Бабам азан шақырып қойған есімімді, сүйегімді жариялап айтпай-ақ қояйын. Сен сұрама.

Кенжебек жалшы шалдың ата тегін, руын дәл атауға құлықсыз екенін, батпандай құпия қайғысын нұры тайған көзінен ұқты. Әйтпесе тұқымы асыл болса астындағы атына өз тайпасын қосақтай айтуға шалт қазақ нәсілінен ғой.

– Ат басы мен ер басы қайда қалмайды, – деп күрсінді шал.

Ошақтағы от жалын кеміп, көлеңкелер бұға қалғандай, жатаған сексеуілге айналғандай елестеді.

– Сен, қарағым, алаңсыз ұйқыңды қандыр. Түнгі күзет мына менікі, атаңдікі, – дегенде жылқышының дауысы ерекше жұмсарды. – Тасқұл атаң жалғыздық сүрейге әбден еті өлген.

Ол қыпшақтың еркек баласын жортуылшы топ олжалап әкелгенде қатты тіксінді. Кенжебек теке түрікпенге тұтқынға түскелі қолына құрық ұстатып, жылқы бақтырды. Бала қасындағы үзеңгілес серігі қазақ болып шыққанына әкесін көргендей қуанды.

Ұзамай Кенжебек жаңа тірлігіне үйрене бастады. Түрікпен жылқысы шетінен аққу мойын, тік сирақ, бойы биік келеді, аяғын қаз басқанда ерен бекзат жануар болар ма, соны көргенде арқасы қозды. Бұрын көз үйренген қыпшақ, адай, алаша, шекті жылқысының шомбал мүсіні қораш сезіліп, шоқтығы биік, сымбаты көркем текежәуміт тұқымды жылқы малсақ ұлдың көзіне оттай басылды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Jirnyi
Jirnyi
30.05.2020 12:13

Тұрақты тіркестер: Е, Ж, И, К, Қ

Екі аяғын (өкпесін) қолына алу – аяғы-аяғына жұқпау

Екі аяғын бір етікке тығу – қысымға алу

Екі езуі екі құлағына жету – қуану

Екі көзі төрт болды – қорықты

(Бұл – кітапханаға баруға ерінетін жалқау оқушыларға арналған пост)

Екі көзі шарасынан шығу – қорқу

Екі қолынан демін алу – болып, жетісіп отыру

Еңбегін сауды – адал күн кешті

Еңсесі құру – сағыну

Ер қаруы – бес қару – қылыш найза, садақ, шоқпар, сойыл – ерлер асынып жүретін қарулар

Ереуіл атқа ер салу – елін қорғануға асыну

Ернін шығарды – мазақтады

Ернінің емеурінін табу – көңілін табу

Есек құрты мұртына түсу – баю

Етек-жеңін жию – есін жию

Етектен алу – кедергі жасау

Ешкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамау

Жағадан алу – қылғындыру

Жағасын ұстау – таңдану

Жағы сембеді (тынбады) – көп сөйледі

Жағына пышақ жанығандай – арық

Жайдың атқан тасындай – аса құдіретті, мықты

Жалғанды жалпағынан басу – молшылықта өмір сүру

Жанары кетті – көзінің нұры кетті

Жанды жегідей жеу – қиналу

Жаны зәр түбіне жету – қорқу

Жаны сіріден жаралған екен – мықты

Жанын қоярға жер таппау – әлек болу

Жараның аузын алу – ескі дертті еске түсіру

Жарғақ құлағы жастыққа тимеу – тыным таппау

Жауырынан жел өту – азап шегу

Жегенін желкесінен шығару – сазайын беру

Желкесін қасу – қысылу, сасу

Жеме-жемге келгенде – шешуші сәтте

Жер астынан жік шықты, қос құлағы тік шықты – табан астынан бәле шықты

Жер аяғы қиянда (ит өлген жер, ит арқасы қиянда, жер түбі) – алыс

Жер болу – ұялу

Жер жұту – жоқ болу

Жер қабу – өлу

Жер қаптыру – алдау

Жетім қыздың тойындай – елеусіз

Жұлдызы оңынан туу – жолы болу

Жұмған аузын ашпау – сөйлемеу

Жұмыртқадан жүн қырыққан – қу

Жүз тайысу – ұрысу

Жүзі қайту – тайсалу

Жүзі солу – жүдеу

Жүзіктің көзінен өткендей – сұлу

Жүн терісін сыпыру – өлімші етіп сабау, азаптау

Жүндей түтті – әбден сабады

Жүрегі алып ұшты (жүрегі аузына тығылды, жүрегі аттай тулады) – қатты толқыды

Жүрегінің түгі бар – батыр

Жүрісі сұйық – ісі мардымсыз

Жыл көрдің бе, ай көрдің бе? – көп ұйықтағанға айтады

Жылан жалағандай – түк қалдырмау

Жыланның басы қайту – аштығы басылу

Жынынан айрылған бақсыдай – не істерін білмеу, абдырап сасу

Жыртысын жырту – намысына шапты, сойылын соқты, жоғын жоқтады, шашбауын көтерді

Жібі түзу – дұрыс адам

Жігері құм болу – шаршау, тауы шағылу, жасып қалу

Жілігі шағылу – беті қайту

Зәрезап болу – жүрегі шайлығу, үрейі ұшу

Зәрі қайту – уы тарқау

Зәріне міну – қаһарлану

Зығыры қайнау – ашулану

Иегі қышу – дәмелену

Ине шаншар жер жоқ – толық, тығыз

Инемен құдық қазғандай – қиын, ауыр

Инені жіпке тізу – бәле қуу

Иненің жасуындай – азғантай

Иненің көзінен өткендей – пысық

Ит арқасы құрысты – қайратқа мінді

Ит байласа тұрғысыз – адам тұрғысыз

Ит басына іркіт төгілу (ақ түйенің қарны жарылу) – молшылық орнау

Ит болу – қор болу

Ит пен құстың арқасында – кім көрінгеннің арқасында

Ит терісін басына қаптау – ұрысу, балағаттау

Иттің қара тұмсығындай көру – жек көру

Иттің құлы итақай – кім көрінген, кез келген

Иығына су кету (иығы салбырау, ұнжырғасы түсу, салысуға кету) – қажу, шаршау

Иығынан дем алу – мақтану

Иін тірескен – өте көп

Иісі мұрнына кірмейді – ештеңе сезбеу

Кәдеге асу – іске жарау

Кәріне міну – ашулану

Кебін кию – аяғын құшу

Кежегесі кейін тарту – жалқаулану

Кендірі кесілді – көтерем болу

Кең балақ, жалпы етек – қолынан іс келмейтін, олақ

Кең дүние тар болу – дүниеден түңілу

Кердең басу – талқандау

Кескен жерінен қан шықпас – қатал, ұятсыз адам

Кеудесіне шайтан кіру – азу

Көз байлау – алдау

Көз болу – ие болу

Көз жазып қалу – адасу

Көз қиығын салу – көздің ұшымен қарау

Көз салу – қарау

Көз сүзу – телміру

Көзі шалу– байқау, аңдау

Көзге сүйел болу – жеккөрінішті көріну

Көзге түртсе көргісіз – қараңғы

Көзден ғайып болу – жоқ болу

Көзді ашып-жұмғанша – тез

Көздің жауын алу – қызықтыру

Көздің шырымын алу – аздап ұйықтау

Көзі (қарасы) батты – біржола жоқ болды

Көзі алақандай болу – қорқу

Көзі ашылу – санасы ояну

Көзі жету – кәміл сену

Көзі тою – көңілі тою

Көзіне топырақ шашу – жамандық жасау

Көзіне шөп салу – алдау

Көк айыл (долы) – ашушаң

Көк ала қойдай ету – сабау, ұру

Көк өрім – бала кез

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота