Менің күн тәртібім. мен таңғы сағат 08:00де тұрамын. Сағат 08:30да таңғы асымды ішіп, мектепке барамын. Сабағымыз сағат 09:00да басталады, сөйтіп мен мектептен 14:00де шығып, автобуспен үйге қайтамын. Түсте яғни, сағат 14:30дарда түскі асымды ішіп, сабаққа кірісемін. Үй жұмысын орындап болғаннан кейін біраз уақыт теледидардағы мультфильмдерді көремін.Кей-кездерде кітапханадан əр түрлі кітап оқимын. Ал кешке жұмыстан анам мен әкем келеді. Ата-анаммен бірге тамақтанып, анама үй шаруаларын істеуге көмектесемін. Сағат 22:00де ұйқыға батамын. Міне, менің күнделікті күн тәртібім осындай!
Менің сән әлеміне көзқарасым.Қазіргі көп адамдар сәнді болғысы келеді.Қыздар қысқа киініп,шаштарын жіберіп қояды.Олар сән деген сөзді дұрыс түсінбейді.Сәнді киіну үшін ең алдымен ол киім саған ыңғайлы болу керек.Екіншіден ол киім басқаларға емес,саған да ұйнауы керек.Орыс тілінде Красота требует жертв деген мақал бар.Бірақ мен онымен келіспеймін.Өйткені сәнді болып,әдемі киіну үшін,адамдар көптеген заттарға барады.Мысалы көп адамдар ұлуды бетіне қойып қояды.Ол бәріне де ыңғайлы емес,бірақ одан адамның беті әдемі және де тап-таза болады.Ал кейбір макияждар әдемілікті танытады.Бірақ ол бетті құртады,көп қара нүктелер пайда болады.Оны бәрі біледі,бәсеуірде соны жаға береді.Ал қыздарда табиғи сұлулық болу керек.