В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Kairas
Kairas
03.04.2022 20:57 •  Қазақ тiлi

Сөздердің түсіндірмесін қарсы бағаннан тап​

Показать ответ
Ответ:
дeд
дeд
12.11.2022 14:15

Әдебиетте шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі - армиядағы ұлттық мәселе болып табылады. Кейбіреулердің тұтас бір ұлтты әлде бір шартты белгісіне қарай бағалап, сан қырлы нәзік мәселені қалай болса солай шеше салғысы келетініне, біздің біртүтас армиямыздың көп ұлтты бейнесін жасаған кезде адамдардың сырт тұлғасының ерекшеліктеріне ғана мән беріп, сонымен шектелетініне қынжылмасқа болмайды. Кітапта ұлттық рух (бұл ұлт адамының және тұтастай алғанда ұлттың да асыл қасиеті) және ұлтшылдық пен шовинизм (ұлттың ішіндегі жеке адам бойындағы кесел) туралы дұрыс түсіндіріліп жазылуы қажет. Жеке адамның ұлттық, өз отанына деген мақтаныш сезімін ұлттық игілікті дәстүрлерді, барлық халықтар мен барлық ұлттардың барлық ұлы және тамаша нәрселер жасауға қабілетті екенін, ұрыс жүргізуге кедергі келтіретін ұлттық дәстүрлер жоқ, қайта ұрыс жүргізуге көмектесетін ұлттық дәстүрлердің бар екенін ұғынып, түсіне білу керек. Әрбірадам өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтын терең сүю мен оны мақтан ету арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп және оларды да сүюге тиіс. Ұлттық мақтаныш-ұлт ішіндегі жеке адам үшін мызғымас әрі қасиетті заң. Кімде-кім өз ұлтын құрметтеп, оны мақтаныш тұта алмаса, ол, сөзсіз, тексіз, қаңғыбас адам.

0,0(0 оценок)
Ответ:
POMOGIf
POMOGIf
02.12.2020 19:37

1.“Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз.

A) Биік сезім.

B) Биік тау.

C) Биік ой.

D) Биік тұлға.

E) Биік сөз.

2. Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз.

Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.

A) Ниетің.

B) Қисық.

C) Болса.

D) Ағайынға.

E) Өкпелеме.

3. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.

A) Тұмау аяғы – құрт, тұман аяғы – жұт.

B) Самат аяғын ауыртып алды.

C) Ол науқасынан айығып кетті.

D) Жел күшейе түсті.

E) Ол аяғын созып жатыр.

4. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.

Бұлақтың көзін ашу – игі іс.

A) Бұлақтың.

B) Көзін.

C) Ашу.

D) Игі.

E) Іс.

5. Сөздің тура мағынасын табыңыз.

A) Сүт таңертең ұйып қалды.

B) Оң қолым ұйып қалды.

C) Әңгіме ұйып тыңдалды.

D) Олар сүттей ұйып отыр.

E) Сүттей ұйыған жанұя.

6. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

A) Қарындашын ұштау.

B) Найзаны ұштау.

C) Қайланы ұштау.

D) Шеберлікті ұштау.

E) Таяқты ұштау.

7. Көп мағыналы сөздің анықтамасын белгілеңіз.

A) Затты атап білдіретін мағынасы.

B) Біркелкі дыбысталып айтылатын сөз.

C) Мағынасы басқа - басқа сөздер тобы.

D) Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы.

E) Мағыналары бір - біріне жақын сөздер тобы.

8. Омонимдес сөзді көрсетіңіз.

A) Гүлнәр мектепке барды.

B) Ол ақылды бала.

C) Айт болды.

D) Уақытты бағала.

E) Айгүл – зерек оқушы.

9. Етістіктерден болған синонимдерді көрсетіңіз.

A) Күшті, мықты.

B) Шелдену, қоңдану.

C) Бағалы, құнды.

D) Әлді, қарулы.?

E) Қайратты, қажырлы.

10.“Жалығу” сөзінің синонимін көрсетіңіз.

A) Зерігу, құмар болу.

B) Еріну, кешіру.

C) Жалтару, қорғану.

D) Зерігу, іш пысу.

E) Ығыр болу, көңілі қалу.

11. Антоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

A) Тыным, тыныштық таппаған.

B) Бұраң бел, алма мойын.

C) Ара гүлге қонды.

D) Жақсылық пен жамандық – болды егіз.

E) Сөз ағасы – құлақ.

12. “Ң” дауыссыз дыбысының қандай екенін анықтаңыз.

A) Қатаң дауыссыз дыбыс.

B) Ұяң дауыссыз дыбыс.

C) Үнді дауыссыз дыбыс.

D) Жуан дауыссыз дыбыс.

E) Жіңішке сөзге ғана жазылатын дауыссыз.

13. Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін анықтаңыз.

A) Қос сөз.

B) Біріккен сөз.

C) Түбірлес сөз.

D) Түбір сөз.

E) Тіркескен сөз.

14. Бірыңғай түбір сөздері бар қатарды көрсетіңіз.

A) Кітап, тасымал, аулы.

B) Дана, даналық, ауылға.

C) Отанды, өміршең, айшықты.

D) Ыдыс, әңгіме, терезе.

E) Балажан, әкесі, кенші.

15. Жіңішке буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.

A) Мектеп, орта.

B) Кітап, дос.

C) Есіл, Іле.

D) Астана, көрініс.

E) Мұғалім, мектеп.

16. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз.

A) Театр - рлар.

B) Баяндау - ыш.

C) Та - рақ.

D) Бір - ыңғай.

E) О - тан.

17. Үндестік заңының нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.

A) 1.

B) 2.

C) 3.

D) 4.

E) 5.

18. «Мырза жігіт», «кенже бала» сөздері қай сөзге қатысты?

А) дисфемизм

В) эвфемизм

С) табу

Д) көнерген сөз

Е) тұрақты тіркес

19. Табиғат құбылысына қатысты табу сөзді тап.

А) ұлыма

В) жасыл түсу

С) соқырішек

Д) жаман ауру

Е) дауыл

20. Сөйлемдегі дисфемизмді тап.

А) Оның бір көзінің мүкістігі бар.

В) Асанның қартайған шағында бір құлағы естімей қалды.

С) Ақанның бойы ұзын болғандықтан, балалар оны «Ұзынтұра» деп мазақтайтын. (сенімді емеспін)

Д) Ұлы Отан соғысынан оралғандардың көбі бір мүшесін соғыс даласында қалдырып кеткен еді.

Е) Болат әрдайым кемтар адамдарға көмектесетін еді.

Объяснение:

18) ТАБУ негізінен этнографиялық ұғыммен байланысты. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталады.

Жаңа түскен келін күйеуінің туыстарын атымен атамай, оларға ат қояды, мысалы, Мырза жігіт, Кенже бала, Ерке қыз

19) Қазақ тіліндегі табудың ендігі бір түрі қатал табиғи құбылыстарға, жыртқыш аңдар мен қауіпті жәндіктерге, түрлі ауруларға байланысты қалыптасқан. Мысалы: жай, найзағайды – жасыл, шешек ауруын – қаарасан, қасқырды – ұлыма деген, т.б

Сонда жасыл түсу деген жай түсу, найзағай түсу деген мағынаны білдіреді

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота