Сіздер мектепте әлемдегі экономикалық интеграцияның болашағы туралы талқыладыңыздар. Сізден сыныптастарыңыздың алдында еліміздегі экономикалық
интеграцияны қалай дамытуға болатыны жөніндегі ұсынысыңызбен сөз сөйлеуді сұрады.
Сөйлейтін сөзіңіздің мәтінін жазыңыз.»
Су- баға жетпес байлық. Жер бетінде барлық тіршілік суға байланысты.
Дүние жүзіндегі барлық халықтар сияқты қазақ халқы да ерте заманда өзен,көл,бұлақ,әсіресе құдық суының тазалығына қатты көңіл бөлген. Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадырлеу,суды лайламау,суды ластамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Балаларға ата- анасы «Суды сабама,балығын шошытасың», «Бұлақты лайлама,құсын кетіресің» деген тоқтау сөздер айтып,тәрбилеген. «Бұлақ көрсең,көзін аш» деп өсиет айтқан.Бұдан қазақ халқының суды қалай қастерлеп,қорғайтынын көреміз.Өзен,көл-табиғат көркі.Ондай жерде жайқалған өсімдік,қаптаған жануарлар тіршілік етеді.Өзенді,көлді жерде құс көп болады.
Аспан, аспан күмбезі – бақылаушыға киіз үйдің төбесі сияқты болып көрінетін күмбез. Күн, Ай, жұлдыздар, т.б. аспан шырақтары бізден өте қашықта болғандықтан, олардың ара қашықтығының айырмашылығы бізге сезілмейді. Сондықтан олар аспан күмбезінде орналасқандай әсер береді. Ашық далада аспан жалпайып көрінеді, яғни күмбездің төбесіне қарағанда, оның іргесі (көкжиек) қашықтағандай болады. Биік үйдің қасында тұрған адамға аспан күмбезі көкжиекке қарағанда биік болып көрінеді. Ауа қабаты көгілдір, көк, күлгін сәулелерді күштірек шашырататындықтан аспан күмбезі көк түсті болып келеді