В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Гарфилд32
Гарфилд32
07.11.2021 02:34 •  Қазақ тiлi

Оқылым мәтіні бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (тезис) жаз

Бүгінде елдің бас қаласының көз тоймас жауһарына айналған "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылды
Әлемдегі сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлерін ескере отырып салынған театр архитектурасынан ұлттық нақышты анық байқауға болады. Сондай-ақ, театр әлемдік стандарттарға сай толықтай техникамен жабдықталған.
Өнер ордасы өзінің алғашқы шымылдығын 2013 жылдың 21 маусымында қазақ музыкасының қазынасы саналған Мұқан Төлебаевтың "Біржан — Сара" операсымен ашты. Мұнымен қатар, осы жылы театр халықаралық қауымдастыққа Джузеппе Вердидің "Аттила" туындысын ұсынып, әлемдік деңгейде тұсаукесерін жасады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысымен "Астана опера" мемлекеттік опера және балет театрының директоры болып Ғалым Алғиұлы Ахмедьяров тағайындалды. Ғалым Ахмедьяров Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тәмамдаған. Әртүрлі жылдары консерватория оқытушысы, ҚР республикалық гвардиясы президенттік оркестрінің халық аспаптары ансамблінің басшысы, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің "Қазақ әуендері" АҚ президенті болып еңбек етті. Бұдан кейін 2014 жылдың 3 қарашасынан бастап ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды. 2010 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын иеленді.
"Астана опера" мемлекеттік опера және балет театрының бас сахнасының көлемі 935 шаршы метрді құрайды. Ал ені — 21 метр, тереңдігі — 59 метр. Театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде "қалта" деп аталатын бұл сахналар қажет болғанда дайын декорациялармен жылжып отырады. Осы сахналар арқасында қойылымдар арасындағы үзіліс қысқа әрі ең күрделі деген спектакльдерді сахналауға болады.

Показать ответ
Ответ:
Сонька2808
Сонька2808
08.07.2021 00:22

Сан ғасыр бостан болар күнін күткен,

Алаш ел биік бүгін білімді ұлтпен.

Талай шаһар бабалар салғаны анық,

Тарих боп көне жұртта сырын бүккен.

Таусылмас шежіресі, сірә, қатпар,

Өткеннен сыр іздесең мұраны ақтар,

Сыр бойында қорған боп жатқан жоқ па -

Ескі астана - Жанкент шаһар, Сығанақтар.

Қазақ өсті болмысы арға тұнған,

Кешеден бүгінгіге жалғатып ән.

Іздеген жан тарихтың табар ізін

Орынбор, Қызылорда мен Алматыдан.

Өткенін танып ел де сүйінген-ді,

Үйренді ұлт сол арқылы иілмеуді.

Талайға тәлім берген заман көші

Арқада Астана боп түйінделді.

Тәуелсіз боп іргесі қаланғасын,

Белгілі елге ешкім сын таға алмасы.

Бұл қаланың өзгеден жөні бөлек,

Өйткені ол - Еркіндік Елордасы.

Жүзеге асып Елбасы бастамасы,

Мойындады ұлтымды дос та, қасы.

Сарыарқаның төрінде - сәнді шаһар,

Ол - Қазақтың Елінің Астанасы!

0,0(0 оценок)
Ответ:
ivankarmashov2p01nx6
ivankarmashov2p01nx6
01.01.2023 17:05
Алматы метросы — Қазақстандағы тұңғыш, Орталық Азиядағы екiншi, ТМД-дағы 16-жерасты жолы болмақ. Әзiрге жетi стансадан тұратын метро желiсiнiң жалпы ұзындығы 8,56 шақырымды құрап отыр. Алматы метросына осы көрсеткiшi арқылы ғана «Гиннестiң рекордтар кiтабына» енуге болады. Бүгiнгi таңда ең қысқа метро ретiнде «Гиннестiң рекордтар кiтабына» 7 стансаның басын бiрiктiрiп, жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрап отырған Екатеринбург қаласының метросы енiп отыр. Алғашында 32 стансаға жоспарланған метрополитен тоқырау жылдары қаржының тапшылығынан банкротқа ұшыраған болатын. КСРО-ның тұсында алғашқы топырағы шығарылған Екатеринбург (Свердловск) метросының 22 жыл салынғанын ескерсек, Тәуелсiздiгiмiздiң елең- алаңында ғана түрен салынған Алматы метросының бүгiнгi күнiне тәубе деуге болатындай. 23 жылға созылды десек те, соңғы 10 жылда құрылысы жандана түскен метроның әлемдiк сипатына әлем таңданатындай болады десек, артық айтқандық емес.Лондон метросы – қарт Еуропадағы ең ежелгi метро
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота