Сұңғат
ә) Диалогті рөлге бөліп оқыңдар.
Сұңғат: Мынау – біздің музей. Алға жүре беріңдер.
Тілеухан: Қараңдар, мынау – біз көрген футбол добы ғой!
Сұңғат: Бұл залда ең соңғы өнертабыстар жинақталған.
Келесі залға өтейік,
Санжар: Мына заттар неге музейде тұр?
Сұңғат: Бұл заттарды қазір мүлдем пайдаланбаймыз.
Азамат: Қаламды да пайдаланбайсыңдар ма?
Сұңғат: Пайдаланбаймыз. Кезінде өте қажет зат болыпты.
Оқиық және жауап берейік
5. Берілген сұрақтардың жауабын диалогтен тауып оқы.
Балалар қай жерде болды?
Олар музейден нелерді көрді?
Балалар неге таңғалды?