Өмірбаян құрып жазу Өмірбаянның негізгі бөліміне сай келетін ақпаратты тап.
Текст:
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ӨМІРБАЯНЫ
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы Отырар қаласы, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні – Әбу Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл Фараби. Әл Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар «Барба-Фараб» деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған.
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң, әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды. Бағдатта әл Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды.
Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында «Екінші Ұстаз» атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар). Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» деп аталады. Оның атақты «Музыка туралы үлкен трактат» деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды.
Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң, әл Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады
Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал
етті
Әл Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққан
Еңлік – Кебектегі» Нысан абыз өмірде болған адам ба?
Иә, Нысан есімді абыз XVIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген. Ол «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаның» қайғы-қасіретін, халықтың азып-тозып барып, қайта ел боп құрылған қуанышын көрген. Жаугершіліктен іркіттей іріген жұрттың сүттей ұйып келе жатқан тұсында кез болған. «Жолсыз жазаны» алдын ала болжап, зар запыранын төгеді. Еңлік пен Кебектің «жазмыштан пешенесіне жазылған» ажал үкімін ол шынымен қобыз сарнату арқылы болжап білді ме? Кебектің бал аштырып, болашағын болжатқаны рас па?
Көшпелі өмір тұрмысында абыз қандай әлеуметтік-рухани орын алды, ол жағын кесіп-пішіп, үзілді-кесілді тұжырым жасау қиын. Ел басқару, рулы елді бітімдестіру, жер, жесір дауын шешу – бидің құзырына қараған. Дұшпаннан қорғау – батырдың паразы. Жұртты жұбатып-уату, еңсесін сөзбен сергіту – жыраудың тілінің ұшында. Дін – молданың қолында. Сонда абыз кімнің мүддесін қорғады?
Әрине, халықтың. Бірақ бұл Мұхтар Әуезовтің 1943 жылы қайыра жазған «Еңлік – Кебек» пьесасындағы Нысан абыз образынан соңғы қалыптасқан үғым. Тек, ішінара, қолына аса таяқ ұстаған, ақ сақалы кеудесін жапқан баба кейіпкерлердің түсінде аян береді. Ал дін уағызы күшейе түскен XIX ғасырдың екінші жартысындағы хиссаларда ол образ Қызыр пайғамбарға ауысқан. Соған қарағанда абыздың бойында ерекше бір көріпкелдік, болжағыштық қасиет болу керек сияқты. Қазақтың жауырыншы,тәуіп, бақсы ұғымдарының басын қосқан, оның үстіне ақындық қасиеті бар тұлғаны абыз деп таныған іспетті.
«Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек» деп жатады үлкен кісілер. Бірі жар таңдау болса, екіншісі мамандық таңдау. Яғни, таңдаған мамандығымыз біздің өмірлік нанымыз екенін есте ұстаған жөн.
Ғаламтор бетінде жарияланған мәліметтерге сүйенсек, елімізде екі миллионнан астам жастар өз мамандықтары бойынша жұмыс істемейді екен, басқа сөзбен айтқанда дипломдары бар, бірақ жұмыстары жоқ. Бұл қазіргі қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Бұның себебі неде деп ойлайсыздар?
Менің ойымша, бұл мамандықта дұрыс таңдамау салдарынан орын алады. Себебі, қазіргі жастар заманауи мамандық таңдауға көп көңіл бөліп, ал жұмыс істеуге келгенде оны игере алмай жатады. Яғни, әрбір мектеп бітіруші түлек мамандық таңдар алдында өз – өзіне "ол маған не үшін керек?", "мен өмір бойы осы салада жұмыс істей аламын ба?", "бұл мамандықтың қыры мен сыры қандай?" деген сұрақтар қойып, ойланғаны дұрыс. Сонымен қатар, әр жоғары оқу оырндары арнайы жас түлектер үшін ашық есік күндерін өткізеді. Сол жерде кәсіби бағыт – бағдар беретін мамандырмен тілдесіп, кеңес алған дұрыс деп есептеймін. Сонда елімізде дипломы басқа саладан, өздері мүлде басқа салада жұмыс істеп жүрген жастар қатары азаяды деп ойлаймын.
Объяснение: