Бүгінде роботтардың адам өміріне әсері айқын сезіле бастады. Оның тұрмысқа тигізер әсері, қажеттілігі уақыт өткен сайын арта түсті. Технология дами түскен сайын роботтардың саны артып, түрлі салаларда оң өзгерістер болып жатыр. Бүгін біз соңғы жетістіктерге сүйене отырып, роботтардың адам өміріндегі орнын нақты мысалдармен сараптап өтуді жөн көрдік. Ең алдымен «робот дегеніміз не» деген сұрақтың жауабын тауып алайық. Бұл ұғымның нақты бір ресми анықтамасы жоқ. Десек те, роботехника мамандары «өзі қозғалатын немесе қозғалмалы бөліктері бар және өз қимылы арқылы шешім қабылдайтын машинаны» робот деп санайды.Сол себепті, үйден шығар кезде қосып кететін шаңсорғышыңызды «робот» деп атауға болады. Шаңсорғышыңыз айналасын сезу арқылы үйді жиыстырғанда не істеу керектігін өзі шеше алады.Ал кір жуғыш машинаны роботтар қатарына жатқызы алмаймыз. Себебі, оның жұмыс ретін сіз таңдай аласыз, ол тек бұйрығыңызды бұлжытпай орындайды. Әрине, бұл тақырыптың даулы тұстары жетерлік. Қазіргі кезде бұл анықтама төңірегінде қызу пікірталастар жүріп жатыр.