просто так не отвечайте
Мұқағалидің керемет суретті, сыршыл, әсерлі, ойлы
өлеңдерінің бірі – «Мен таулықпын» өлеңі. Ақын
табиғаттың әсемдігін жырлай отырып,сол табиғатқа
деген өзінің қатынасын білдіреді.
Тау дейтін алып жүрек Ана туған.
Мен –таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Киіктің сүтін еміп ер жеткенмін,
Қуат алаып қыранның қанатынан
«Сәлде» сөзі қай заттық ұғымның орнына жұмсалып тұрғанын көрсетіңіз.
A) баскиім
B) бұлт
C) ақ мата
D) қария
«Мен таулықпын» өлеңіндегі тау ненің символы екенін көрсетіңіз.
A) сабырдың
B) байлықтың
C) өрліктің
D) қырағылықтың
Берілген жолдардағы түн мезгілін меңзейтін сөздерді белгілеңіз.
Күн алғашқы сәулесін маған шашып,
Маған келіп түнейді қара тұман.
A) қара тұман
B) алғашқы сәуле
C) маған келіп
D) маған шашып
Берілген жолда ақынның не айтпақ болғанын белгілеңіз.
Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам.
A) мазасыз, соғыс кезеңін білдіру
B) қайсар рухты екенін таныту
C) күрескерлігін білдіру
D) беймезгіл уақытта дүниеге келгенін білдіру
Өлең мәтіні бойынша жұмыс жасау:
• Өлеңде кім туралы айтылады?
• Ақын тауды кімге теңейді? (Ал біздің асыраушы анамыз кім?)
• Ол қалай дүниеге келдім дейді?
• Киік қандай жануар?
• Қыран қандай құс?
• Табиғат пен адам байланысы қалай суреттелген?
• Ақын қай таудың баурайында дүниеге келген?