Оқу мақсаты
7.О4 Мәтіннің идеясын,мақсатты аудиториясын салыстырып,талдау жасау.
Бағалау критерийі:
Мәтіннің идеясын,мақсатты аудиториясын салыстырады, талдау жасайды.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.
А мәтіні
Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриям Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұлы дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты.
Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді – жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды, оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтты. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соңғы күшін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жолдастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.
Б мәтіні
Сәлем!
Қайырлы таң, қымбатты Сапура!
Менің хатымның саған қашан жететінін білмеймін, бірақ сонда да өзімнің жауынгерлік өмірімдегі соңғы жәйтті хабарлауға асығамын. Қазір мен жол үстіндемін, ладыңғы күні атанғанбыз, бүгін, сірә, көздеген жерге кетіп қалармыз деп ойлаймын, бірақ бұл аса анық емес. Қайда бет алғанымды өзің былайша да түсінесің ғой деп ойлаймын. Бірақ, сенен бұл жөнінде қынжылмауды өтінемін, неге десең мектепте әлде де болса бір - қатар уақыт оқуға қалдырса да, өзім сұранып аттандым.. Өміріме өкінішім жоқ.. Бірақ жүректі билеген бір қалтқы ой бар. Жоқ, ол - өзім турал емес сенімен, сәбилермен, жеңгеммен, жалпы туыстарыммен кездесе алмағаным. Жеңешеме мені майданға аттанды, көңіл хошы тамаша, хал - ақауы өте жақсы, тек қобалжымасын деп тілек айтады деп жаз. Ол кісіге Әлия сәбилерге мейірімді қаруды өтінеді деп жазуды өте сұраймын. Жеңешем балаларды адал ниетті, батыл, халық ісіне берілген, әсіресе ата - аналары мен жақындарын сыйлайтын адам болатындай етіп тәрбиелесін.
Өмірде барлық жақсылыққа жет деген өзіңе дара ізгі тілекпен Әлия
1 тапсырма Мәтіндерді кесте бойынша салыстырыңыз.
Екі мәтіннің ұқсастығы
Екі мәтіннің айырмашылығы
Тақырыбы
Мазмұны
Идеясы
Мақсатты аудиториясы
2-тапсырма
«Бүгінгі күннің батырлары – тілі мен ділін білетін, елі мен жерін сүйетін жастар» деген пікірмен келісесіз бе? Келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп, эссе жазыңыз. Эссе құрылымы мен дамуын сақтаңыз. Көлемі – 80-100 сөз.
Эссе жазу барысында ұсыныстарды ескеріңіз!
Алдымен тақырыпқа топтастыру жасап алыңыз.
Тақырыптан ауытқымас үшін жүйелі жоспар құрыңыз;
Сөз санын да жоспарлаңыз;
Нақты аргументтер келтіріңіз;
Келісу/келіспеу себептерін көрсетіңіз;
Эссе шаблонын сақтап, сауатты жазыңыз!
Дескриптор Білім алушы
эссе тақырыбын анықтайды;
эссе құрылымын сақтайды;
- жүйелі, байланыстыра баяндайды;
көтерілген мәселе бойынша келісу/келіспеу себептерін жазады;
эсседегі сөз саны нормаға сай.
3-тапсырма
1-тапсырма
Берілген одағайларды түрлеріне қарай топтастырыңыз. Әртүрлі мәндегі одағайлармен сөйлемдер құрастырыңыз.
Пәлі, түу, ойпырай, моһ –моһ, тәйт, уһ, алақай, кә-кә, жә, пай – пай, туу, уһ, әттең, құрау-құрау, аһ, шөре-шөре, көс-көс, айт.
Көңіл күй одағайлары Жекіру одағайлары Шақыру одағайлары
Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті одағайларды қойып оқыңыз.
Түрлерін ажыратыңыз.
а) ……., тісім ауырып тұр, қабылдай ма?
…….! Мына бөрік сізге керемет жарасып тұр.
…….. Достар түгел жиналыпты.
Ал ешкіге дейміз.
Керекті сөздер: бәрекелді, шөре-шөре, ай, пайпай, ойпырмай
қою кестесі
Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеледі, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, ал түн болса, керісінше қысқара бастайды.
Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын болған. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Алаңда барша халық жиналып, Наурыз жайлы қойылымды тамашалайды.
Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.
Мерекелік дастарқанға түрлі ұлттық тағамдар қоюға болады. Мысалы, сүт тағамдарынан қымыз, қымыран, байқаймақ, шыртылдақ, кілегей, қаймақ, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік, іркіт т.б. сияқты тағамдар дастарқанға қойылады.
Сонымен қатар ұннан әзірленетін ұлттық тағамдар шелпек пен бауырсақ пісіріп, таба нан, салма, қаттама әзірлеуге болады.
Ал дәнді дақылдардан талқан, жент, тары, бидай көже, майсөк, бөкпе болса, дастарқанға қоюға болады.
Биылғы жылғы қызық оқиғалар
Биыл жазғы демалыс басталысымен мен ауылға кеткен болатынмын. Ондағы достарыммен талай қызықты бастан кештік. Солардың біреуін айта кетейін.
Күндердің бірінде біздің үйдің қой кезегі келіп, мені атам мен әжем қой бағуға жібереді. Мен жаныма досымды ертіп, біріміз атқа мініп, біріміз есекке мініп, бір отар қойды айдап кеттік. Жарты күн өтіп, түскі тамақты ішіп алған соң, досымның ұйқысы келіп, маған «кезектесіп ұйықтайық» деп, өзі жатып қалды. Мен біраз табиғатты тамашалап, қойларды бақылап отырғанымда қалай ұйықтап кеткенімді де білмеймін. Бір кезде оянсам, отар қойымыздың біреуі де жоқ. Досымды оятып, екеуміз не істерімізді білмей, әбден састық. Амал жоқ, ауылға қайта келуге тура келді. Не деп айтарымызды да білмейміз. Бір ауылдың қойы із түзсіз жоқ. «Енді қайттік?» деп еңсеміз түсіп келе жатқанда көрші үйдің қорасының алдында тұрған қойды көрдік. Не қуанарымызды, не жыларымызды білмей, қораға жақындап келсек, әлгі үйдің қойлары түгел орнында. Досым екеуміз аң - таңбыз. Бұл сонда қалай болғаны? Қойлардың өздері қайтып кетуі мүмкін емес. Сөйтсек, ауылда қалған достарымыз келісіп, осылай әзілдеспек болған екен! Мұны естігенде, әрине, алдымен достарымызға біраз ренжідік. Бірақ уақыт өте келе, бұл әзіл есте қаларлықтай оқиға болды.