Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің түрін анықтаңыз.
1-мәтін
Әрбір отбасы өзінікі деген меншікті
мекенжай салып алуды арман
етеді. Бәрі де кәдімгі қарапайым
тілектен басталады. Ең әуелі
отағасы болашақ үйінің нобайын
ой жүзінде жобалап, көз алдына
елестетеді. Әрбір бөлшегін ой
елегінен өткізеді. Үйдің салынатын
орны анықталғаннан кейін оның
жобасы қағаз бетіне түсіріледі. Үй
іргетасынан басталып,
қабырғалары мен шатыры- қарай
бірте-бірте салына бастайды.
Көптеген жанұялар «үйіміз сәнді де
сапалы болсын» деп, оны жылдар
бойы салады. Отағасы үйді "өзімнің
балалары мен немерелеріне,
шөберелеріне қалсын!" деп
тұрғызады, Адамға өзінің қолымен
«Масғұт» - Абайдың 1887 ж. жазған дастаны.Бұл поэма туралы Абайдың өзі атап көрсеткен деректері жоқ. Бірақ шығарманың ішіндегі кейбір белгілерге қарағанда, бұның оқиғасы, тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалап тұр.
Ең әуелгі басты кейіпкердің аты - Масғұт.Ақынды шығарманың ішінде қызықтыратын бір-ақ геройдың - Масғұттың ғана жайы. Сол Масғұтты бірнеше ерекше халдерге, уақиғаларға ұшыратып барып, Абай оған үлкен сапалы адамгершіліктің қасиеттерін бітірмек болады. Абай геройының және бір ерекшелігі - ол өзгеше көрнекті күшті ортадан шыққан адам емес. Орташа көптің бірі. Әдейі дәулет, өмір, құдірет, ақыл-өнермен асырып шығарған адам емес. Халық ішіндегі, қатардағы қалың көптің жас өкілі. Масғүтқа осындай сипат, қасиеттер беру арқылы, Абай оны өзінің жоғарыдағы атап берген Бағдатынан, Һарон-Рашидінен, Қызырынан да аулақтап бөліп шығарады. Өзі үгіттеп жүрген жақсы жастардың өз заманындағы мінез-құлқына, арманды адамгершілігіне Масғұтты үлгі етеді.2) Дастан 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Алгаш рет 1909 ж. С.-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғылының өлеңі» атты жинақта толық емес күйінде, кейін толық түрінде 1939 жылғы басылымда жарияланды. Шығарма басылымдарында аздаған текстологиялық өзгөрістер кездеседі.Поэма ағылшын, азербайжан, араб, қарақалпақ, қырғыз, қытай, латыш, орыс, өзбек, татар, үйғыр тілдеріне аударылған.