Мәтінді 2 рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз/Прочитайте текст, выполните задание.
1 . Қазақстан қандай мемлекет? Какое государство Казахстан?
2. 1995 жыл - Қазақстан үшін қандай жыл? 1995 год – какой год для Казахстана?
3. Мәтінде кездесетін сын есімдерді теріп жазыңыз/Выпишите из текста имя
прилагательные.
2-тапсырма
Жазылым. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір. Сопоставь слова по смыслу и
запиши полученные предложения.
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы мемлекет қамқорлығына алынған
Қазақстанда 130-дан астам Қазақстандағы ең үлкен саябақ
«Жерұйық» фильмі тарихи оқиғаға негізделген
«Атамекен» әні Семей облысы Шұбартау ауданында туған
«Алтынемел» саябағы ұлт өкілдері тұрады
«Әнші құм» табиғат ескерткіші ретінде туған жерге арналған ән
1
2
3
4
___
Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар,
өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері
тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ қазақ жерінде өмір сүріп
жатқандарына қанша жыл өтсе де, қазақ халқының осынша кең пейіл,
қонақжай екендігіне көз жеткізді. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне
үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені –
Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған
ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан
халқы Ассамблеясына биыл 23 жыл толдсұлтн Назарбаев, Қазақстан
Республикасының Президенті: - ХХІ ғасырдың ең басты заңы – татулық
дейді. (95 сөз)
5
6
СОР
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).[1]Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Әдебиет тарихы, Қызылорда, 1927;
Әр жылдар ойлары, А., 1959;
Мысли разных лет, А., 1961;
Уақыт және әдебиет, А., 1962;
Абай Құнанбаев, А., 1967;
Абайтанудан жарияланбаған материалдар, А., 1988;
Абайтану дәрістері, А., 1995;
Ескермедім, қабылдамадым, А., 1998;
Абайтану оқулары, А., 1998.
Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардантігілген,және әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады. Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген.