Міне, қызық !Қазақстанда көл көп.Сол көлдердің ең кереметі –Шайтанкөл. Көл «Бұғылы» деген таудың басында жатыр . Шайтанкөлдің жағасында гранитті жартас пен қарағайлы орман бар. Көл 1200 метр биіктікте орналасқан. Көлдің ұзындығы -62,ені -40метр. Суы мөлдір, таза,Судың түбі –тас. Көлді хош иісті қарағай орманы қоршаған. Көлдің пайда болуы туралы аңыз көп. Жиі айтылатыны-жоңғарлар шабуылы туралы аңыз. Қазақтар мен жоңғарлар шайқасады. Жоңғардың әскері көп болады.Жоңғарлар қазақтарды жеңе бастайды. Сол кезде қазақ жігіттері Құдайға сыйынып . көмек сұрайды. Құдай қазақтарға көмектеседі. Құдай жоңғарларды қазақ жерін қорғайтын тас мүсіндерге айналдырады. Ал көлдің суы қазақ жігіттерінің аналарының көз жасы екен.
1. Көл қай таудың басында жатыр?
[1]
2. Көлдің суы қандай?
1) Көл "Бұғылы" деген таудың басында жатыр.
2)Көлдің суы мөлдір, таза.