Лия
Байрамова
Ученик
BilimLevel 0%
0
Личный кабинет
Online Mektep
Расписание
Домашние задания
Связь с учителем
Дневник
BilimLand
Компьютеры
iTest
Twig-Bilim
iMektep
24 НОЯБРЯ
КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА - 5 Е
1-АЯ ПОДГРУППА
Назад
ХАТ ЖАЗЫП ҮЙРЕНЕЙІК!
УРОК
ВИДЕОКОНФЕРЕНЦИЯ
Открыть чат
Хат жазып үйренейік!
Таныс адамға жазылған хат нұсқасын таңда.
Құрметті, Дариға Диланқызы!
Менің білімім мен талантымды жоғары бағалағаныңыз үшін алғыс білдіремін.
Сіз ұсынған тележоба өз қатысушылары мен көрермендеріне ежелгі көшпенді халық туралы мол ақпарат береді деп ойлаймын. «Адырна» шығармашылық тобымен бірге жұмыс істеуге әзірмін.
Әр ісіңізге сәттілік тілеймін. Жақын күнде кездескенше, сау болып тұрыңыз.
Құрметпен, Дархан Мирасұлы.
Сәлем, Дариға!
Тамаша ұсыныс жазыпсың. Мен, әрине, келісемін. «Адырна» шығармашылық тобына қосылатын болдым, алақай! Көріскенше күн жақсы болсын!
Өзіңді жақсы көретін, Дархан.
Артқа
Тексеру
1..Жасы үлкеннің сөзін бөлме – в разговоре не перебивай старших.
2. Жасы үлкеннің жолын кеспе – не пересекай дорогу старшему.
3.Ата-анаңа қайда барасыз деп сұрама – не спрашивай родителей, куда они идут.
4.Үлкенге сыртыңды беріп отырма – не садись спиной к старшему.
.5Кісі жолын кеспе – не переходи дорогу перед старшим.
6.Қонаққа берер затты сол қолмен берме – то, что даешь гостю, не протягивай левой рукой.
7.Кісіге қару кезенбе – не направляй оружие на человека.
8.Жалғыз ағашты кеспе – не руби одинокое дерево.
9.Жыңғылмен атты қамшылама – не погоняй лошадь гребенщиком.
10.Көгалды таптама – не топчи поляну.
Тұрақты тіркестер: Е, Ж, И, К, Қ
Екі аяғын (өкпесін) қолына алу – аяғы-аяғына жұқпау
Екі аяғын бір етікке тығу – қысымға алу
Екі езуі екі құлағына жету – қуану
Екі көзі төрт болды – қорықты
(Бұл – кітапханаға баруға ерінетін жалқау оқушыларға арналған пост)
Екі көзі шарасынан шығу – қорқу
Екі қолынан демін алу – болып, жетісіп отыру
Еңбегін сауды – адал күн кешті
Еңсесі құру – сағыну
Ер қаруы – бес қару – қылыш найза, садақ, шоқпар, сойыл – ерлер асынып жүретін қарулар
Ереуіл атқа ер салу – елін қорғануға асыну
Ернін шығарды – мазақтады
Ернінің емеурінін табу – көңілін табу
Есек құрты мұртына түсу – баю
Етек-жеңін жию – есін жию
Етектен алу – кедергі жасау
Ешкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамау
Жағадан алу – қылғындыру
Жағасын ұстау – таңдану
Жағы сембеді (тынбады) – көп сөйледі
Жағына пышақ жанығандай – арық
Жайдың атқан тасындай – аса құдіретті, мықты
Жалғанды жалпағынан басу – молшылықта өмір сүру
Жанары кетті – көзінің нұры кетті
Жанды жегідей жеу – қиналу
Жаны зәр түбіне жету – қорқу
Жаны сіріден жаралған екен – мықты
Жанын қоярға жер таппау – әлек болу
Жараның аузын алу – ескі дертті еске түсіру
Жарғақ құлағы жастыққа тимеу – тыным таппау
Жауырынан жел өту – азап шегу
Жегенін желкесінен шығару – сазайын беру
Желкесін қасу – қысылу, сасу
Жеме-жемге келгенде – шешуші сәтте
Жер астынан жік шықты, қос құлағы тік шықты – табан астынан бәле шықты
Жер аяғы қиянда (ит өлген жер, ит арқасы қиянда, жер түбі) – алыс
Жер болу – ұялу
Жер жұту – жоқ болу
Жер қабу – өлу
Жер қаптыру – алдау
Жетім қыздың тойындай – елеусіз
Жұлдызы оңынан туу – жолы болу
Жұмған аузын ашпау – сөйлемеу
Жұмыртқадан жүн қырыққан – қу
Жүз тайысу – ұрысу
Жүзі қайту – тайсалу
Жүзі солу – жүдеу
Жүзіктің көзінен өткендей – сұлу
Жүн терісін сыпыру – өлімші етіп сабау, азаптау
Жүндей түтті – әбден сабады
Жүрегі алып ұшты (жүрегі аузына тығылды, жүрегі аттай тулады) – қатты толқыды
Жүрегінің түгі бар – батыр
Жүрісі сұйық – ісі мардымсыз
Жыл көрдің бе, ай көрдің бе? – көп ұйықтағанға айтады
Жылан жалағандай – түк қалдырмау
Жыланның басы қайту – аштығы басылу
Жынынан айрылған бақсыдай – не істерін білмеу, абдырап сасу
Жыртысын жырту – намысына шапты, сойылын соқты, жоғын жоқтады, шашбауын көтерді
Жібі түзу – дұрыс адам
Жігері құм болу – шаршау, тауы шағылу, жасып қалу
Жілігі шағылу – беті қайту
Зәрезап болу – жүрегі шайлығу, үрейі ұшу
Зәрі қайту – уы тарқау
Зәріне міну – қаһарлану
Зығыры қайнау – ашулану
Иегі қышу – дәмелену
Ине шаншар жер жоқ – толық, тығыз
Инемен құдық қазғандай – қиын, ауыр
Инені жіпке тізу – бәле қуу
Иненің жасуындай – азғантай
Иненің көзінен өткендей – пысық
Ит арқасы құрысты – қайратқа мінді
Ит байласа тұрғысыз – адам тұрғысыз
Ит басына іркіт төгілу (ақ түйенің қарны жарылу) – молшылық орнау
Ит болу – қор болу
Ит пен құстың арқасында – кім көрінгеннің арқасында
Ит терісін басына қаптау – ұрысу, балағаттау
Иттің қара тұмсығындай көру – жек көру
Иттің құлы итақай – кім көрінген, кез келген
Иығына су кету (иығы салбырау, ұнжырғасы түсу, салысуға кету) – қажу, шаршау
Иығынан дем алу – мақтану
Иін тірескен – өте көп
Иісі мұрнына кірмейді – ештеңе сезбеу
Кәдеге асу – іске жарау
Кәріне міну – ашулану
Кебін кию – аяғын құшу
Кежегесі кейін тарту – жалқаулану
Кендірі кесілді – көтерем болу
Кең балақ, жалпы етек – қолынан іс келмейтін, олақ
Кең дүние тар болу – дүниеден түңілу
Кердең басу – талқандау
Кескен жерінен қан шықпас – қатал, ұятсыз адам
Кеудесіне шайтан кіру – азу
Көз байлау – алдау
Көз болу – ие болу
Көз жазып қалу – адасу
Көз қиығын салу – көздің ұшымен қарау
Көз салу – қарау
Көз сүзу – телміру
Көзі шалу– байқау, аңдау
Көзге сүйел болу – жеккөрінішті көріну
Көзге түртсе көргісіз – қараңғы
Көзден ғайып болу – жоқ болу
Көзді ашып-жұмғанша – тез
Көздің жауын алу – қызықтыру
Көздің шырымын алу – аздап ұйықтау
Көзі (қарасы) батты – біржола жоқ болды
Көзі алақандай болу – қорқу
Көзі ашылу – санасы ояну
Көзі жету – кәміл сену
Көзі тою – көңілі тою
Көзіне топырақ шашу – жамандық жасау
Көзіне шөп салу – алдау
Көк айыл (долы) – ашушаң
Көк ала қойдай ету – сабау, ұру
Көк өрім – бала кез
Объяснение: