В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
uhudongoair
uhudongoair
28.02.2021 08:30 •  Қазақ тiлi

Кітаптың ең асыл қазына екендігі туралы дәлелдемелік эссэ жаз.​

Показать ответ
Ответ:
Умныйгоблин
Умныйгоблин
07.06.2020 22:30

Кітап - ең асыл қазына.

Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың қоғамда алар орны орасан зор.

Кітап адам өмірінде, әсіресе өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады. Кітапсыз, еш білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге, талапты,

кішіпейіл болуға, мейірімді, әрі төзімді болуға баулиды. Кітап біздің рухани жан азығымыз.

Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мүлдем қалып барады. Дегенмен, менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын. Сонда мектеп кітапханысының қоры көбейіп қана қоймай, оқырмандар саны да артар еді деп есептеймін. Сонда өскелең ұрпақтың кітапқа оқуға деген қызығушылығы арта түсер деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота