Көру диктанты Қабыршақты - Көшім өзенінің екінші атауы.
Қабыршақты өзендегі су бақаларының
қабыршақтарына байланысты қалыптасқан. Олар
түлеген кезде ескі қабыр-шақтарынан арылады,
өзен жағасы осындай қабыршақтарға толы
болғандықтан Қабыршақты атанған.
Қабыршақты өзені Бірқазан көліне құяды.
Көл маңайын жағалай қамыс пен қоға, судан
қашықтаған сайын - ащышөп, иттабан, жыңғыл,
бұзаубас, ақ жусан, ақселеу мен бетеге өскен.
Көшім каналы арқылы төрт су қоймасына
құйылып, шабындық және жайылымдық жерлерді
суаруға пайдаланылады. Көшім каналы осы облыс
еңбеккерлерінің қажымас қайратының белгісі.
Отызыншы жылдары елімізде техникалық
құралдар жетпей жатқан кезде еңбекші бұқара бұл
каналды қолмен қазған.
Диктантты дәптерге көшіріп жазып,
тапсырмаларды орындаймыз.
Тапсырма:
1. Бес дара етістіктерді теріп жаз.
2. Қазған сөзін үш шаққа айналдырып жаз.
Кітапхана туралы.
Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
Кітап адам өмірінде, әсіресе өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады. Кітапсыз, еш білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге, талапты,
кішіпейіл болуға, мейірімді, әрі төзімді болуға баулиды. Кітап біздің рухани жан азығымыз, ал кітапхана – білім мекені.
Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Дегенмен, менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын. Сонда мектеп кітапханысының қоры көбейіп қана қоймай, оқырмандар саны да артар еді деп есептеймін.