В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
мкм6ккмг
мкм6ккмг
05.06.2022 16:36 •  Қазақ тiлi

Күні 28.10.2020. Сыныбы 5 «А

Сабақ реті 17-сабақ.

Сабақ тақырыбы Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі. Жетімдік

Оқу мақсаты Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау Т/Ж2

Сабақ мақсаты Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтаңыз

Жаңа сабақ.

Орындауға арналған тапсырма Кіріспе бөлім.

«Миға шабуыл» әдісі бойынша

Оқушы, суреттерге назар аудара отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

- Осы суреттерден нені байқадыңыз?

- Үшеуін бір-бірімен байланыстырып көріңіз, қандай ұқсастық, айырмашылық бар?

- Үшінші суреттен ше?

- Неліктен ұл бала жалғыз өзі отыр?

- Сонда жетімдікті қалай түсінеміз?

- Сабақ тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

- Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы Дулат Бабатайұлының «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі

- Сабақтың мақсаты – әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

«Джигсо» әдісі арқылы

Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы кестеге назар аудара отырып, КІМ деген бос кестені толтырыңыз

Кім?

Өмір дерек (өмірбаяны) Шығармалары

Бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданының Қызылжолда деген атамекенінде 1802 жылы туған. Жаздық мекені Ақжайлау, Сандықтас. 1871 жылы атамекенінде қайтыс болған. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде Дулаттың өзіндік үлкен орны бар. Өйткені, ол өзінің толғау-жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп, өз заманынының шындығын бірқыдыру бере білді.

Жеке кісілерге арнаған «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға» т. б. өлеңдерінде ақын сол кездегі тірліктің ұсқынсыз жақтарын өлтіре шенеп, кейде өткір сатира дәрежесіне дейін көтере білді.

Дулаттың өлеңдері ауызша тараумен қатар, 1880 жылы Қазан қаласында «Өсиет нама» деген атпен кітап болып шыкты. Бұнда ақынның замана туралы толғаулары енгізілген. Ақынның шығармаларын ел аузынан жазып алып, бізге жеткізген халық ақыны — Шәкір Әбенов.

Ол — Патшалық Ресейдің казақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдарының бірі. Отарлау саясатының қазақ елін талан-таражға салу, халықтың дербестігін біржола жойып, тәуелділікке айналдыру әрекетіне қарсы шыққан, халықты күреске шақырған күрескер ақын.

Ақын өз заманындағы осы патшаның отарлау саясатынан зардап шеккен халқының қайғысын тереңнен сезініп, мұңын жырымен жазып, ел қамын ойлап, кейінгі ұрпақты тәрбиелеуде маңызды толғаулар айтады.

Дулат қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын. Оның мысал ретінде жазған шығармалары үлгі, өнеге беру, ақыл айту ретінде келіп отырады. Атап айтқанда, «Бір патшаның бір кезде», «Шымшық пен бөдене», «Сары шымшық», «Қара қарға жем тілеп» деген өлеңдерінде орынсыз мақтаншақтықты, тойымсыздықты әшкерелеп, кішіпейілділікті, адамгершілікті, бірлікті уағыздайды. Адам бойындағы асыл қасиеттерді ардақтаған ақынның мысал өлеңдерінің тәрбиелік мәні бүгінге дейін жойылған жоқ.

Орындауға арналған тапсырма Оқулықтан «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін оқы.

- Мазмұны бойынша Ақтан жас деген кім?

- Ақын Ақтан жасқа қандай үміт артады?

- Қалай ойлайсындар, ақын үміті ақтала ма?

- Бұл өлең жетім бала Ақтанға арналған. Демек, арнау өлең. Ақын бала болашағына көз жүгіртіп, мақсатына жету үшін қажымай-талмай күресу керек екенін айтады, оған деген сенімін білдіреді.

Тапсырма

1-деңгей

«Өлеңге қатысты 10 сөзді атаңыз» әдісі

Осы өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашатын және кейіпкерге қатысты 10 сөз атаңыз.

2–деңгей

«5-5-1» әдісі

1-әрекет: Өлең мазмұны бойынша нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазыңыз.

2-әрекет: Сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартыңыз.

3-әрекет: Сол 5 сөзді 1 сөзге қысқартыңыз. Түйінді сөзді жазыңыз.

«Жетімдік» сөзіне өз ойыңызды жинақтап, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашуда ойыңызды жазыңыз.

3–деңгей

Өлеңді түсініп оқып, салыстырыңыз, өмірмен байланыстырып, қорытындылаңыз.

Ақтан жас кезіндегі жетімдік Қазіргі кездегі балалар үйіндегі жетімдік

Орындауға арналған тапсырма Қорытынды

«Тұжырым» әдісі

- Менің ойымша, шығармадағы басты идея.

- «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

- «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ...»

- «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

Үйге тапсырма: өлеңді жаттау

комек

Показать ответ
Ответ:
vqhboqvqw
vqhboqvqw
28.10.2020 11:40

boo vohhovovuoyc

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота