В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
aaskarova2004
aaskarova2004
03.02.2022 16:58 •  Қазақ тiлi

Көктөбе телемұнарасы 1-мәтіндегі сөйлемдердің ақиқат/жалған екенін анықта.
Ұлан-байтақ даланың әр шалғайында «Көктөбе» дейтін елді мекендер аз кездеспейді, таулар да бар. Көктөбе атты ауылдар өте көп, бірақ Алматы қаласының оңтүстік-шығысында, Іле Алатауының бөктерінде орналасқан Көктөбеден аспанға шаншылған телемұнара – жалғыз. 1975-1983 жылдары аралығында салынған, Алматының символы іспеттес телемұнара биіктігі жағынан әлемде 32-орын алып келді. 2011 жылдың қаңтарында оған 2 лифт қойылды.
Осыдан 5 жыл бұрын Алматыда архитектуралық жарықтандыру тұжырымдамасы қолға алынып, телемұнара жарқырап шыға келді. Мұнараның теңіз деңгейінен биіктігі 1 452 метрді құрайды. Қазіргі уақытта «Көктөбе» телемұнарасы – Қазақстанның телевизиялық хабар тартатын цифрлы форматқа көшіру үрдісіндегі ең маңызды нысандардың бірі. Мұнараның дәл жүрегінде бүкіл Қазақстан бойынша цифрлы хабар тарату желісін бақылайтын «Қазтелерадио» желі сапасын басқару және мониторингтеу орталығы орналасқан.
Еліміздің түкпір-түкпірінде «Көктөбе» дейтін елді мекендер мен тауларлар көп кездеседі.
2011 жылдың қарашасында оған 2 лифт қойылды.
Бүгінгі таңда «Көктөбе» телемұнарасының Қазақстан телевизиясы үшін маңызы зор.

Показать ответ
Ответ:
AnastasyaOrlyanskaya
AnastasyaOrlyanskaya
04.10.2022 10:09

Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.

Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.

Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.

Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.

Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!

0,0(0 оценок)
Ответ:
max20170102
max20170102
28.03.2021 04:35

Көкөністер туралы диалог құрастыру.

Айжан: Жаным, неге тамақты шұқып жеп отырсың?

Саяжан: Әпке, сәбіз бен пиязды (жуаны) жегім келмейді. СОларды алып тастап отырмын.

Айжан: Неге?

Саяжан: Дәмі ұнамайды. Жемеймін.

Айжан: Жаным – ау, нағыз дәрумендер осы көкөністердің құрамында екенін білмейсің бе?

Саяжан: Қандай дәрумендер?

Айжан: Мысалға, Сәбіз - адам өмірі үшін аса бағалы дәрумендер мен минералды заттарға бай өсімдік. А дәрумені, калий тұзы мен каротинге бай өсімдік ағзадағы тұзды судың айналасын реттеп, судың денеден бөлінуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, С, В, D, Е дәрумендеріне және микроэлементтерге өте бай. Сәбіздің құрамында: калий, кальций, марганец, темір, фосфор, магний бар. Әсіресе, сәбіз шырынының құрамында дәрумендер жақсы сақталады. Сәбізді емдік мақсатта шикілей немесе шырынын пайдаланады. Сәбіз ағзаға барлық жағынан пайдалы.

Саяжан: Мен бұл жайлы бұрын естімеппін.

Айжан: Енді біліп жүретін боласың. Үнемі жеміс – жидек пен көкөністерді тағамға пайдалану адам өмірін ұзартып, ағзаға оң әсер етеді. Әр жеміс – жидек пен көкөністің құрамында өзіндік ерекше табиғи дәрумендері болады. Пісу маусымына байланысты жылдың әр мезгілінде жеміс – жидек пен көкөністі үзбей қолданған абзал, әсіресе, маусым арасында мұндай табиғи дәрумендердің маңызы арта түседі.

Саяжан: Жақсы, әпке. Енді жеп көрейін. Дәрумен ағзаға пайдалы ғой. Кеңесіңіге көп рахмет.

Айжан: Оқасы жоқ, жаным. Міндетті түрде көкөністерді жейтін бол.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота