Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Ағамды шақырмадым.-ағаңды шақырып кел.қонақтарды күтейік-қонақтарды қүт.жазда олар жағажайға барды.-жазда олармен жағажайға бар.тамағыңды же.-тамағыңды жеп ал.ертең біз үйді жинаймыз.-ертең біздер үйді жинап аламыз.оның мекен-жайын жаздыңба? -оның мекен жайын жазып ал.көйлекті жаңа жылға дейін тоқиын.-көйлекті жаңа жылға дейін тоқып қой.мен онда азық-түлік дүкеніне барайын.-мен азық-түлік дүкеніне барып келейін.әуелі етті пісіру керек.-әуелі етті пісір.бауырсақты қалай жасайтын көр.-бауырсақты қалай жасайтын көріп ал. көтер! - ал.