Б. Тұржан, фотограф: Хобби өмірлік ісіме айналды –Фотоға түсіру әлеміне қалай келдіңіз?
–Өзім мектеп жасынан бастап ұйымдастырушылыққа жақсы болатынмын. Сонымен қатармузыкалық мектепте оқып, ән айтатынмын, жалпы айтқанда шығармашыл адам едім. Мектеп жасында кішкентай фотоаппаратыммен сыныптастарымды суретке түсіріп жүргенде, қызығушылығым өмірлік ісіме айналып кетті. Мектеп уақытында суретке түсіру мен үшін хобби болатын, ал қазір нағыз өнердің бірі деп есептеймін.
–Суретке қай жерде түсіргенді жақсы көресіз?
–Маған табиғатта суретке түсіру қатты ұнайды, ал студияда жарықтардың,
көлеңкелердің қосындысын қолдану бір керемет әсер береді. Дегенмен де табиғаттың
орны ерекше ғой!
–Ең алғаш түсірген суретіңіз есіңізде ме?
–Ең алғаш түсірген суретім, тұңғыш тапсырмам есімде. Сол уақытта несиеге
фотоаппартты сатып алдым. Досым хабарласып: «Cенің фотоаппаратың бар ғой, мектеп бітірушілерін суретке түсіруге қалай қарайсың?»,- деген еді. Мен үшін бастысы қаржы емес, бастысы- суретті сапалы түрде шығару.
- Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Ғалымжан Сәңкібаев
1. Тұжырымның дұрыс нұсқасын+ белгісімен көрсетіңіз. [2]
Тұжырым
Дұрыс
Бұрыс
1
Мәтін кейіпкері мектеп қабырғасында жүргенде өз кәсібін таңдаған.
2
Б.Тұржан суретке табиғат аясында түсіргенді ұнатады.
3
Суретке түсіруші үшін маңыздысы – еңбегінің жақсы бағалануы.
«…Жеті жылдықтың кейінгі екі жылында біз химия өнеркәсібінің дамуына баса назар аударуымыз қажет, және тек қана минералды тыңайтқыштар өндірісі саласы ғана емес, сонымен қатар синтетикалық материалдар, талшықтар, синтети-калық тері, техника үшін және тұрмыс қажеттіліктері үшін пластмасса өндіру жолға қойылуы тиіс. Химия өнеркәсібі адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады …»,- деп атап көрсетеді Н. С. Хрущев.Химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылуы –мемлекеттік маңызды іс болды, ал Қазақстан – химия өндірісін, соның ішінде фосфорит кен орындарын дамытуға үлкен мүмкіншіліктер ашқан республика болып табылды. Соның ішінде, Маңғышлақ өлкесі пайдалы қазбалардың байлығы мен кешенділігі жөнінен таулы Алтай, Орталық Қазақстан тәрізді геологиялық аудандармен иық тірестіретін бірегей аудан еді.
Кезекшілік туралы диалог құрастыру.
Алтынай: Бүгін сыныпта Әлібек, Ханшайым және сен кезекшілік етесіңдер. Ұмытып кетпеңдер.
Алдияр: Есіме салғанын дұрыс болды, мен сабақтан соң үйге қайтып бір шаруаларымды істеймін деп жоспар құрып отырсам ...
Алтынай: Орындықтардың барлығын көтеріп қойыңдар. Ханшайым шаң сүртіп, гүлдерге су құяр.
Алдияр: Жақсы, әрине бәрін реттеп жинастырып кетеміз.
Алтынай: Тақтаны да сүртіп қоюды ұмытпаңдар. Келесі ауысымға таза болып дайын тұрсын.
Алдияр: Жақсы, терезені ашып кетейік пе?
Алтынай: Жоқ, дала жел болып тұр. Ашып кетпеңдер, сынып қалып жүрер. Абай болыңдар.
Алдияр: Уайымдама. Бәрін жинап, дұрыстап кетеміз.