В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
alechka7
alechka7
07.11.2022 11:05 •  Қазақ тiлi

Қазақстан Республикасындағы барлық ұлт бір-бірімен ынтымақтастықта өмір сүріп келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды. Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. Оның төрағасы - Қазақстан Республикасының Президенті. Әзербайжан, грек, шешен, поляк және т. б. халықтардың мәдени орталықтарының жанында жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Қазақстандағы көптеген ұлт өкілдерінің біздің елімізге келу тарихы "Жерұйық" фильмінен жақсы көрсетілген. Фильмнің режиссері - Сламбек Тәуекел. Фильмнің сценарийін Сламбек Тәуекел мен Сон Лаврентий жазған. «Жерұйық» фильмі тарихи оқиғаға негізделген. Фильмде Сон Лаврентийдің өзінің балалық шағы бейнеленген. Фильмде өз Отанынан қуғындалып, Қазақстанға жер аударылып келген кәріс, неміс, шешен, күрд және б. ұлттардың ауыр жағдайы бейнеленеді. Арып-ашып келген адамдарды қазақ халқы бауырына тартады, ажалдан аман алып қалады. "Жерұйық" көркем фильмі Абай Құнанбаевтың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым» деген сөзімен басталады. Фильмнің басты кейіпкері - Орынбай өмірде болған адам. Барша халқының бауырмалдығы, жомарттығы осы бейне арқылы көрінеді. Қазіргі таңда фильмде көрсетілген ұлт өкілдері бір ананың баласындай бірлікте, татулықта өмір сүріп жатыр.
1 наурыз - өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына алғыс айтатын күні, Бұл күнді ҚР Президенті арнайы белгіледі.

 Мәтінге тақырып жазыңыз.


 Мәтінде не туралы айтылған?

 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап беріңіз. ответь на вопросы.

• Қазақстан халқы ассамблеясы қашан құрылды?
• Оның төрағасы кім?
• Ассамблея қандай жұмыстар атқарады?

Показать ответ
Ответ:
catkama
catkama
05.03.2023 01:32
Кішіпейілдіктен қорлық көрген адамды естіген де, көрген де емеспін- хабарлы.

Омбыдан әкелген карден шыныаяқты шығар сандықтан!- бұйрықты.

Бас қанттың қалғанын түгелімен қоярсың - сұраулы.
Мырзасын қарай гөр- деді біреу мысқылды үнмен. -хабарлы.
Қайран Базекем! Асыл ағаекем! Ардақты арысым!Қош келіпсің еліңе! Келісің құтты болсын! Қадамың құтты болсын, Базеке! - деседі.-хабарлау.
Бірінші сөйлемде кішіпейілділікті мақтап, бізге жеткізіп тұр. Екінші сөйлемде шыныаяқты шығаруды бұйырып тұр. Үшінші сөйлемде қантты түгел қоятынын сұрап тұр. Төртінші сөйлемде біреудің мысқылдағанын хабарлап тұр. Бесінші сөйлемде өзгелердің қуанышын хабарлап тұр.
0,0(0 оценок)
Ответ:
zox229
zox229
07.04.2022 05:44

"Көксерек".

Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы асқар белі – Абай, ХХ ғасырдағы асқар биігі – Мұхтар Әуезов. Дүниежүзілік әдеби классикаға асыл қазына болып қосылған қайталанбас көркем туындыларында М. Шолохов орыс өмірінің осы ғасырдағы елу жылдық болмысын бар бұралаңымен түгел шебер жинақтама, Мұхтар Әуезов қазақ қоғамының өткен ғасырдағы елу жылдық бітімін бүтін тамыр-тереңімен қопара зерттеп, аса білгірлікпен, асқан зергерлікпен жарқырата ашты.

М.Әуезов қаламынан небір асқақ туындылар шықты. Оның шығармалары әдебиетіміздің сүт бетіндегі қаймағы десе де болады. Ал "Көксеректі" оқымаған, фильмін қарамаған қазақ жоқ шығар.

М. Әуезов «Көксеректе» үстем күштің әсерінен елден де, жерден де, ғасырлар бойы бастан кешкен тұрмыс-тіршіліктен айрылу алдында тұрған қазақ халқының жалпы болмысын суреттеуді мұрат тұтқан. Повесть жайын профессор Б.Майтанов: "Көксеректі" әлем әдебиетінің антологиясына кіргізетін, қамырдан қыл тартқандай қалам құдіреті, шеберлік осындай-ақ болар!"-дейді. Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Әңгімеде қасқыр, табиғат, адам мәселесі сөз болады, жаратылыстағы адам мен табиғат теңдігінің қатынас дәрежесі көрсетіледі. Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін ойрандап, оның күшігін енесінен айырып, ауыл тұтқыны етті. Бірақ қасқыр есейген сайын бостандықты сағынады.

Шығармада тек табиғат пен адам қатынасын ғана емес, сонымен бірге отбасылық текетірестің де, қас пен дұшпан арасындағы жауыздық та көрсетілген. Бұл – үлкен адамзаттық мәселелер. Қасқырлардың өзі бір-бірін жеп жатқанда, қасқырдың адамға шабуы шүбәсіз. Құрмаш өзінің хас жауы қасқырды аяп, бауыр басқаны үшін ғана құрбан болып кетті. 

Шығармадағы типтік образ, қазақтың қарапайым қойшы баласы – Құрмашты жасауы үлкен құбылыс десек болады. Ал көксерек десе кез келген қазақтың жүрегінің дір ететіні белгілі. Мұндай ірі образ жасаудың өзі – шеберлік. Автордың шеберлігі мен парасатына тағы бір мәрте көз жетеді. Мұндай шеберлікке бас имеске болмас...

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота