В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
zrice
zrice
21.10.2022 14:38 •  Қазақ тiлi

азақ хандығына қауіп төндірген қай мемлекет?

А) Сібір қазақтары В) Жоңғария С) Қытай Д) Қоқан хандығы.

2. 1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға соққы беру мәселесін талқылаған жер?

А) Қарақорым В) Қарақұм С) Қаратау Д) Қарабала.

3. «Қалмақ қырылған» шайқасы қай жерде болды?

А) 1711 жыл В) 1723 жыл С) 1725 жыл Д) 1726 жыл

4. Жоңғар тағынан дәмеленушілердің бірі ?

А) Әмірсана В) Райымбек С) Қалдан - Церен Д) Ерасыл

5. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама ақ мешін» қайғылы оқиғасының жылдары:

А)1723 – 1725жж В) 1723 – 1727жж

С) 1722 – 1725жж Д) 1724 –1728жж

6. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы Әбілхайыр ханға жіберілген грамотаға Анна Иоанновнаның қол қойған жылы?

а) 1771 жыл 19 ақпан В) 1731 жыл 19 ақпан

С) 1774 жыл 19 ақпан Д) 1730 жыл 19 ақпан

7. 1867 – 1868 жж. патшаның әкімшілік реформалары бойынша Қазақ жері неше генерал-губернаторлықтың құрамына кірді?

А) 3 В) 5 С) 2 Д) 4

8. Кіші жүздің жаны Әбілқайырдың басшылығымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген және сәтті аяқтаған елші?

А) Левшин, Бартольд. В) Құндағұлұлы, Қоштайұлы

С) Айшуақ, Нұралы Д) Татишев, Левшин.

9. Абылай хан кезіндегі шаруашылық түрі?

А) мал шаруашылығы В) сауда С) егіншілік Д) көшпелі мал

10. Абылай ханның өмір сүрген кезеңін ата?

А) 1711-1771жж В) 1711- 1781 жж

С) 1710 -1780жж Д) 1781 – 1791 жж

11. Абылайдың бала кезіндегі лақап аты?

А) Жиренше В) Тәтіқара С) Сабалақ Д) Қанішер

12. Тәуке ханның заңдар жинағы:

A) «Жеті жарғы» B) Заңдар жинағы C) Далалық заңдары

D) «Жылнамалар жинағы» E) Хан жарлығы

13. «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан билер:

A) Қазыбек, Әйтеке, Майқы би B) Төле би, Балқы би C) Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

D) Әйтеке би, Балқы би, Бала би E) Қазыбек би, Әйтеке би, Балқы би

14. «Жеті жарғы» бойынша құрылтай кеңесіне жіберілмей, дауыс беру құқығынан айырылды:

A) Қарумен келген адам B) Найза асынған адам C) Қанжар асынған адам

D) Қарусыз келген адам E) Қылышсыз келген адам.

15. Аягөз маңындағы қазақ жасақтарының жоңғарлардан жеңіліске ұшыраған жыл:

A) 1716 B) 1718 C) 1725 D) 1729 E) 1730

Показать ответ
Ответ:
karapetyanhovn1
karapetyanhovn1
01.05.2023 10:03

Біз бұған дейін де айтқан пікір еді, бірақ қайталаудың реті келіп тұр. Негізі мемлекет құру деген ұлы процесс заманақырға дейін жалғаспақ. Мына дөңгеленген дүниеде а жаралғалы бері талай империялар өткен, қазір жұрнағы да қалмады. Талай жоқ мемлекеттер өсіп өнді.

Қазақ та қайтадан ел құрап, өз алдына мемлекет жариялағалы 24 жыл болып отыр. Бұрын да жоқ емес едік, бар едік, бірақ заман тар еді. Ұранымыз, мақсат-мұратымыз мүлде өзге сипатта еді.

Міне 24 жыл, кейбір мәселелерде күмілжіп қалып, күңкілден әріге а қ та - шекарамызды нақты білеміз, өз әскеріміз, астанамыз, жеріміз, еліміз бар жұртқа айналдық. Азаттықтың арқасында Мәңгілік ел болу деген ұлы мұратымызды да айқындап алдық.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Kotumi
Kotumi
17.12.2021 03:19

Жеті саны.

Сан мыңдаған дәуірді өткерген дана халқымыздың дәстүріне сай киелі ұғымдар бар. Соның бірі 7 саны. Барлығымызға білетіндей жеті ата, жеті қазына, жеті ғашық, т.б. мысалға келтіруге болады. Тіпті ерте замандардан бері қарай осы бір санның бойында тылсым құпия бар деп айтылып келеді. Ол қандай құпия? Оны әлі ешкім білмейді, әлі күнге дейін бізге жұмбақ. Қазақ халқы жеті санын киелі деп санап, өзінің дүниетаныма арқау етіп келеді. Сайтымызда жеті саны туралы көптеген материал жазылды. Бүгін онда қамтылмаған бірнеше деректі ұсынуды жөн санадық. Тәуке ханның тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы "Жеті жарғының" да жеті болуы тегіннен тегін емес.

Адамның жеті жетекшісі жайлы кезінде Саққұлақ би айтып кеткен екен.

7 жетекші.

1. Адамның басшысы ақыл.

2. Жетекшiсi талап.

3. Жолаушысы ой.

4. Жолдасы кәсiп.

5. Қорғаны сабыр.

6. Қорғаушысы мiнез.

7. Сынаушысы халық.

Бұдан бөлек, 7 күн мен 7 ғалам бар.

7-күн

1. Бүгін.

2. Ертең.

3. Бүрсігүні.

4. Арғы күні.

5. Ауыр күн.

6. Азына күн.

7. Соңғы күн.

7 ғалам.

1. Күншығыс

2. Күнбатыс.

3. Түстік.

4. Терістік.

5. Аспан жоғарғы ғалам.

6. Жер ортаңғы ғалам

7. Жер асты төменгі ғалам.

7 амал.

1. Күннiң тоқыраүы.

2. Қарашаның қайтуы.

3. Үркердiң батуы.

4. Мұздың қатуы.

5. Киiктiң матауы.

6. Қыс тоқсан.

7. Ай тоғамы.

Халқымыздың жетіқарақшы жұлдызы туралы да наным түсінігі бар. "Жетіқарақшы" сөзін "жеті қараушы, жеті сақтаушы, жеті күзетші" деп түсінгеніміз абзал. Ел жадында сақталған "Жетіқарақшыны таныған жеті түнде ада " деген сөз осының айғағы болса керек. Халқымыз жетіқарақшыны аспан сағаты деп атайды. Себебі, ата-бабаларымыз оған қарап түнгі уақыттарын мөлшерлеп, ауа-райын болжаған. Жетіқарақшы.

1. Дубхе (Ерік)

2. Мерак Жігер)

3. Фекда (Қайрат)

4. Мегрец (Қуат)

5. Алиот (Ырық)

6. Мицар (Құдірет)

7. Алькаид (Дес)

Тағы айта кетерлік дүние қазақ халқында "жеті шелпек" деген ұғым бар. Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, үрейленсе, болмаса жайсыз жатып, жаман түс көрсе, жеті нан жеті шелпек айтады. Жеті нанды қасиетті жұма күндері, сәрсенбінің сәтіне пісіріп, жеті үйге таратады. Алушы: "Қабыл болсын", дейді, таратушы: "Әумин!" деп жауап береді. Жеті нанды таратып болғаннан кейін: "ата-бабаларға тие берсін" деп ауыз тиіп, әруақтарға арнап аят оқып, бата қылады. Сонда әруақтардың мұрнына нанның иісі тиеді. Сосын "Жеті нан әрқашан әруақ болып желеп-жебеп, бәле-жаладан қорғап жүреді", дейді. Ал, жапондықтардың ойынша "жеті" саны адамға жақсылық әкеледі. Осы сияқты жетінің киелі ұғымы немесе өзге де жоғарыдағылардай мағыналық көріністері орыс, корей, монғол, т.б. халықтарда да бар. Демек "жетінің" киелі мән алуы түркі халықтарына ғана емес, басқа халықтарға да тән құбылыс. Мәселен, Қытай мәдениетінде де "жеті" саны киелі сан. Қытайлар адам қайтыс болғаннан соң 7-ші, 21-ші күні, 49-шы күндері оған арналған аза білдіру салтын өткізеді. Бұл күндері олар "жетісі", "үш жетісі", "жеті айы" деп атап "аруақтар күндері" деп есептейді. Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал, "Алпамыс батыр" эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен... Иә, шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар өте көп кездеседі. Ал, тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама... Қорыта айтқанда, "жеті" қазақ халқының ұғымында қалыптасқан киелі сан. Ұлттық түс алған көне мәдениет құбылысы. Бұл құбылыстың басқа халықтарда да кездесуін олардың бір-біріне тигізген әсерінен гөрі әрқайсысының өзіндік дүние танымынан туындаған ортақ құбылыс деп қараған жөн. Қазақ халқында 7 саны ерте замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз 7 қазына, ұлттық тағамдардағы 7 түрлі қоспа, әлемнің 7 кереметі, аптаның 7 күні, кемпірқосақтың 7 түсі, Жетіқарақшы жұлдызы, т. б. Ертегілерде 7 батыр, 7 ағайынды, 7 ұл, 7 қыз, т.с.с болып кездеседі. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі бала туғаннан кейін 7 күннен кейін тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін өткізеді. Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса дана адам болып есептеледі.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота