«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
1. М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы оқиға
немен аяқталады? [1]
A) Байжан Сәрсенбайға «құдай қосқан құдам ғой» - деп,
кешірімге кісі жіберді.
В) Ақырғы тіршілігінің минуты жетіп, жапан далада Жамал
жан тәсілім қылды.
C) Боранды түні Ғалидың қабірінің басын құшақтап отырып,
Жамал талып кетті.
Д) Жұман сол жерде тұра сала кеудеге тепкілеп, Жамалды
талдырып тастады.
2. «Бақытсыз Жамал» шығармасынада Жамал мен Ғали
қашып кеткен кезде екеуіне көмек көрсеткен кім? [1]
A) Текебай В) Жұман С) Фатихолла Сәрсенбай
3. Д. Исабековтің «Әпке» драмасындағы Тимурдың мінезін
анықтаңыз. [1]
A) Темекі тартады, тілінің уы бар, өте өжет, жүрген жерінде
ұрыс-керіске ұшырағыш
В) Сыпайы, адамгершілігі мол, бойын ашуға билетпейді, көп
сөйлегенді ұнатпайды,
білімді
C) өте сүйкімді, үйінің кенжесі болғандықтан ерке, өзгелерді
өзіне тез баурап алады
Д) Тікмінезді, бұрама тілді, бірақ адал, қызу қанды, дөрекі,
айналасындағыларға қамқор
4. «Әпке» шығармасында Қамажайға туыстары неге
ашуланды?
А) оның тұрмысқа шығуына В) оның жұмысқа тұруына
C) оның басқа үйге көшуіне Д) ол бауырының үйленуіне
қарсы болды
5. «Ұшқан ұя» шығармасында бала Бауыржанға алғаш атқа
отыруды үйреткен кім?
А) ағасы В) әпкесі С) атасы Д) әкесі
2-БӨЛІМ
6. Қамажай жақындарының болашағы үшін өзінің жеке өмірін
құрбан етті. Бұның себебі неде? (5-6 сөйлем) (5)
7. Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасындағы әке бейнесі
қалай берілген? (5-6 сөйлем) [5]
8. «Ұшқан ұя» поэмасының идеясын ұлттық мүдде
тұрғысынан талдаңыз.(қандай қазақ дәстүрлер кезедседі?)
(5-6 сөйлем) [5]
Сенім - адамның қоршаған ортаға және ақиқатқа көзқарасын, қарым-қатынасын анықтайтын түсінік, білім, елес, идеялар.[1]
Сенім, наным — адамның белгілі бір мәліметтерді, құбылыстарды, ойлар мен көзқарастарды, пікірлерді еш күмәнсіз қабылдап, мойындауында көрінетін психиканың ерекше күйі.
діни илану, діншілдік наным;
сену, нану.
Сенім — адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Қажеттіліктерін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен әлеумет заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды. Адамның адалдығына сеніп, оны құрметтей білу — әдептілік. Сол сияқты бүкіл әлемге жақсылық ойлау адамның тұлғалық бейнесі. Адам алдына мақсат қойып, оның нәтижелі орындалуына сенім білдіріп, іс-әрекетке кіріскен кезде ғана, ол жоғарғы нәтижелерге жете алады. Сенім — адамның ақыл-ойын, күшін, еркін, қабілетін жоғарылататын жағымды сезім. Сенім — адамның жігерін арттырып, болашаққа құлшындыратын құбылыс (болашаққа сену, еңбекке сену, жақын адамдарға сену, дінге сену, т.б.). Сенім үміттен басталады. Сенім адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Бұл адамның нақты іс-әрекеті мен тәжірибесіне байланысты.[2]