В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
неумно
неумно
14.01.2021 14:20 •  Қазақ тiлi

Автордың жазған «Оқырманға арнау сөзіне» негізделе отырып, роман-эссенің тарихи және көркемдік құндылығына талдау жүргізіңіз. Мың шақырымдық ұзақ сапардың алғашқы қадамнан басталатыны сияқты, қолыңыздағы «Қазақтыі Қанышы» аталған роман-эссеге бұдан отыз бес жыл бұрын, 1963 жылдың жазында ұлтымыздың біртуар ғалымы Ә.Марғұланмен оңаша сұхбат үстінде алғашқы сүрлеу салынғаны – бүгінде естелік ретінде айтар сыр.

Әрнеге еліккіш, қиял қантына мінген кезде Айға да қол сермеп жүрген жасаң кезім. Әмбе техникалық мамандықты игеруіме Қаныш ағаның зор өнегесінің әсері болған. Әрі Әлекеңдей үлкен кісінің өзіме сенім артып, еліктіре сөйлегені еркімді баурап, тоқ етерін айтқанда, ойды ой қозғап әсерлендім де, төрт-бес хикаят жазған ғылыми-қиял дүниесін жайына қалдырып, қалтарыс-қақтығысы мол, шың-құздары биік, оппа-жарлары терең ұлы ғалым өмірінің күрделі жыңғылына сүңгідім де кеттім. Бұл істің соңында, жоғарыда айтқандай, соншама ұзақ жүрерімді білсемші сонда?!.

Жоқ, о күнде мұны бағдарлай алмадым. Ізденістің ондаған жылдарға жалғасып, ғалымның өткелі көп асу-белдерін зерттеп жете түсінудің қиыншылғы өз алдына, сол жолда өзімің де сансыз мол кедергі-тосқауылдарға жолығып, жан азабына түсерімді, кейбір пенделердің академик Қ.Сәтбаевтың іргелі де ұлы еңбектерін халық жадынан ұмыттыруды көздеген қиянатына тап боларымды, әрине, білгенім жоқ. Сөйтсе де құдай маған төзім берді, «Әділдік әрқашанда жеңеді, сол үшін күресумен қоса қиыншылыққа шыдау керек!» деген Қаныштай асылдың қайраткер рухы жебеп, жақсы күндерді үмітпен тосуыма себепші болды. Жақсылық туар деп қарап та жатпай, бір жығылып, бір тұрып жүріп, ғасырдың соңғы ширегінде өзім құштар болып тандаған қаһарманымның ғұмыр жолын баяндаған үлкенді-кішілі алты кітапты дүниеге келтіріппін. Нақтылы түстесем, олар - «Жазушы» ба 1973 жылы шығарған «Туған жердің асылы» атты көркем әңгімелер жинағы; төлтума нұсқасы Алматыда қиянатпен тоқтатылып, көп бейнетпен Москвада «Молодая гвардия» ба ң «Тамаша адамдардың өмірі» (ЖЗЛ) сериясы бойынша 1980 жылы жарық көрген «Сатпаев»; жариялылық заманы туған шақта, яғни 1988-1989 жылдары осы ғұмырнаманың қазақ және орыс тілдерінде жаңа тараулармен толықтырылып, әсем көркемделіп әрі көп мыңдық таралыммен қайыра басылған екі кітабы; тоқырау һәм рухани құлдырау заманында басымнан кешкен қиянаттар мен ғалымның дүние жүзіне мәшһүр атағын жасыту мақсатымен ұйымдастырылған әділетсіздіктер туралы бүкпесіз сыр шерткен «Қуғындалған «Сәтбаев» (А., «Шабыт», 1994) және Павлодар облыстық әкімшілігінің тапсырмасымен арнайы жазылған «Қаныш елі» атты үш тілде (қазақша, орысша және ағылшынша) әрі түрлі түсті көркем де тарихи суреттермен безендірілген альбом-кітап.

Міне, енді солардың бәрінің жиынтығы есебіндегі роман-эссені - қалың оқырманға бұрыннан танымал «Сәтбаев» атты деректі хикаяттың негізінде қайыра сомдалған, көптеген жаңа тараулар жіне бұрынғылар арасына соны оқиға, айғақтар қосылған жетінші туындымды қолыңызға алып отырсыз. Бұл басылымның алдыңғылардан бір өзгешелігі -

26

саяси тосқауылдар қол байлап, бұрын жаза алмай жүрген ұлттық жайттар, сондай-ақ, құдірет-күші мықты кешегі сөз тергеушілері (цензорлар) мен еріктері тежеулі әріпшіл редакторлар зорлықпен қиып тастап, жарық дүниеге шығармай келген ғалым өмірінің бүркеулі «ақтаңдақтары» түгел қосылып, ашық баяндалуы.

Мәңгі өлмес асылымыз, қазақтың атын әлемге танытып, мерейімізді асқақтатқан ұлы перзентіміз, ғұлама академик (үш бірдей ғылым ордасының), көрнекті қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық ғылым академиясының. іргетасын қалаушы, әрі жеріміздің қазына байлығын көптеп тауып, ел игілігіне жаратуға (әсіресе қазіргі аса ділгір заманда) дәнекер болған ұлы геолог-барлаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толу мерекесін дүние жүзі халықтарының руханият ұйымы ЮНЕСКО да салтанатты түрде атап өтуге арнайы қарар (№ 234-10, 1997 ж., қараша) қабылдады. Бұл болса, Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұтымды уәжімен айтқанда: «Қ.Сәтбаев еңбектерімен XX ғасырда қазақ халқы меңгерген ғылым көкжиегін әлем жұртына паш етеміз» деген сөз. Сайып келгенде, бұл - қазақ ғалымының мұрасын - ғылыми еңбектерін күллі дүние жүзінің білімдар қауымы танып, адамзат игілігіне ортақ асыл екендігін мойындау!..

Сөз соңында қолыңыздағы ғұмырнамалық романның ғалымның есімін әлем кеңістігіне мәшһүр еткен даңқты мерейтойы қарсаңында туған халқына тарту ретінд езірленгендігін ескерту парыз. Өз басым осынау аса мерейлі, шуақты мерекеге ат қосумен бірге, аман жеткенімді шексіз бақыт деп білемін!..

Показать ответ
Ответ:
rokovayajenshi
rokovayajenshi
05.07.2020 09:59
Ұлыстың Ұлы күні
Ұлыстың Ұлы күні – «Наурыз» мерекесімен байланысты концептуалды ұғымдардың бірі. Ұлыстың ұлы күні деген сөз орамындағы Ұлы күн, Жылдың бас күні. Ең абзал, ең мәртебелі болып ұғынылғандықтан қазақтар Ұлы күн деп атаған. Ал ұлыс сөзі жұрт, ел, халық білдіретін жиынтық ұғымның атауы. Ұлыс оң болсын дегендегі ұлыс осы аталған мағынаны білдіреді. Қысқасы, сөз бір-бірімен байланысып, тіркесіп барып «Наурыз» мейрамы дегенді білдіреді. Мәшһүр Жүсіп: «Қазақта Наурыз деген кісі аты болған. Келін-кепшіктер атай алмай «Ұлыс күні» деп, Ұлыстың ұлы күні деп кеткен. «Ұлыс» - Түркінің ата-бабаларынан қалған ескі тіл. Біздің қазақта Ұлыстың ұлы күні – «Наурыз» - дейді.

Наурыздама тойы – «Наурыз» мерекесіне қатысты негізгі ұғымдардың бірі, наурыз көжеден басқа. Әдетте, ел ішіндегі аса бай, дәулетті адамдардың наурызды той қылып өткізуін наурыздама дейді. Наурыздама тойы бір аптаға созылып, сегізінші күні тойға келгендер тарай бастайды. Арқа еліндегі дәулетті Тәтидің наурыздама тойын өткізген деп, арғынның атақты биі Едігені жүз кісісімен күткендігі жөнінде Мәшһүр Жүсіп жазбаларында мынадай дерек бар: Сіз бір жақтан бір жаққа бара жатқан жолаушы емессіз, әдейін наурыздама қылдыра келдіңіз! Ұдайымен сегіз күн қылмаған соң, мұның қылуға не сәндігі бар?! – деп, сегіз күн күтіп, сыйлап, бір күнінен бір күнін асыра беріпті.

Тәти мырза алдырған түлкілерінің ішінде бір қара түлкісі бар, наурыздаманың үстінен келіп қалыпты. Қара түлкі алдырып келгеніне бір қуанып, «Наурыздама қылдырамын!» - деп, Едігенің келгеніне қуанып:

«Бұл наурыздама Баяудікі болды. Мен ұрғашы наурыздамасына ортақтаспаймын!» - деп, басы Едігенің өзіне түйе бастатқан тоғыз, онан кейінгісіне: біріне ат, жүз кісіден бір кісіні құр қойған жоқ. Ең аяқ атшыларға бір-бір матадан үлестіріп: - Міне, менің наурызым! – деп, сый қылыпты.

Міне, сондай жақсы күнде тасып кетіп алған дуа ұрпағынан Шорман шығып, Мұса шығып, байлық, беклік таласа қоса шығып, жалпақ Сүйіндікке құт ауыл, ұйытқы ауыл болып тұр. Бұл күндегі пәленшекем, түгеншекемнің пейіліне қарағанда, тағалы торы тай ұстап тұра алмайтұғын пейіл бар. Атасына, бабасына тиген осы екен. Оңған, ілгері басқан біреуді: «Шіркін атасына, бабасына дуа тиген тұқым ғой!» - дейді.

Халықтың Наурыз мейрамындағы салт-ғұрыптардың бір алуаны табиғатпен «тіл табысу», оны қасиеттеу мағыынасында болса, енді бір алуаны адамдар арасындағы этикалық-моральдық қатынастарды реттеу, нормаларын нығайту, жолға қою мақсатына бағытталады. Жүректе // көңілде өткен күннен дақ, реніш, өкпе-қалдықтың қалмауы, бұларды дер кезінде жүректен // көңілден кетірмесе, аяғы араздыққа, дау-жанжалға, қатыгездік пен қастандыққа апарып соқтырады. Сондықтан Наурыз мейрамында кешірім сұрау, кешіру тәрізді адамгершілік акциясы өткізілген. Мұның өзі жүректі таза ұстау, кір шалырмаудың халық ұғымында соншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы. РПК «СЛОН», 2013. 4-том. 489-490-бет.

12 Наурыз 2015 ж.
0,0(0 оценок)
Ответ:
talex26052006в
talex26052006в
27.02.2020 03:58

Грек тілінен бастау алатын үш түбір: ГЕО/ЭКО/ЛОГ/ия сөзіне бірікті.

Сөздің түбірін түсінік білдіретін иероглиеф ретінде қарастыруға болады.

Ортасында гректің «ойкос» яғни үй деген мағынаны білдіретін түбір сөз

орналасқан. Бұл әр түрлі деңгейдегі тірі организмдердің мекені болып

табылады: экожүйенің, ірі кеңістіктік биологиялық жүйе ретінде биомалар

және Жердің биосферасын құрайтын тірі жиынтығы туындайтын түрлері,

олардың комбинациялары болып табылады. Бұл жағдайда қарым-қатынас

және «үйдің» іші аясында және «үй» және қоршаған әлем арасында өзара

байланыс жатады. Осыдан Геоэкологияға негіз болып табылатын: сөзсіз

табиғи және әлеуметтік ғылымдар бағыттарын араласып орналасқан

ғаламдық (әлемдік) мәселелері бойынша нақты қызығушылықпен Жерді

жүйе ретінде зерттеу.

Бұл адамзат қоғамының пайда болуынан бастап «үй» болып табылады.

Алайда, соңғы жылдары, әсіресе, соңғы онжылдықта, адамзат, бұл жай ғана

өз үйлерінде өмір сүріп емес, осындай қуатты, табиғи, жалпы дүниежүзілік

күшті қоғамға айналып, өз іс-әрекеттерімен оның жекелеген құрамдас

бөліктерін жоюға дейін өзгертті. «OIKOS» түбірінде тұрған түсініктер

маңыздылығы және адамзатпен байланысты уақыттың тарихи масштабында

экспоненциалды түрде шкаласы артады. Антропогендік әсер барған сайын

қайтымсыз болып, тіпті апатты күйге ұшырап отыр. «Экология» сөзі,

негізінен, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас кешенін айқындауы

арта түсті. Эрнст Геккель1866 жылдан бастап пайдаланып жүрген бұл сөздің

тағы бір мағынасы, тірі заттар мен қоршаған орта арасындағы өзара

тәуелділікті зерттейтін, биология бөлімі болып табылады.

"Геоэкология" сөзіндегі «гео» түбірі Гео Жерінің грек құдайының есіміне

байланысты. Ол дәстүрлі түрде Жер туралы ғылымдарды баурап, олардың

біртұтастығы мен өзара тәуелділігін нақтылай түседі. «Гео» түбірі атап

айтқанда, өңірлер мен елді мекендерді немесе процестерге байланысты төмен

иерархиялық деңгейде, құбылыстар, ортақ жер үсті, жаһандық процестерді

негізге ала отырып, тұтастай алғанда, бірінші кезекте Жерді қояды.

«Эко» түбірі табиғаттың тірі бөлігіне жатса, ал қарапайым жағдайда,

«эко» түбірі жансыз табиғат болып табылады. Осы мағынада, "геоэко"

комбинациясы шын мәнінде тірі және өлі табиғат бірлігін көрсетеді.

"Геоэко" комбинациясы, сондай-ақ біздің «үйдің», яғни Жердің жағдайы

адам әрекетіне тәуелді екенін еске түсіреді

«Логос» түбірі ғылымды немесе белгілі бір затты табиғи және әлеуметтік

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота