4-тапсырма Кестеге сүйеніп, қазақ жазба мәдениеті тарихының бір кезе- ңі туралы қысқаша мәтін құрап айт. Ауызша сөзде төменде берілген тұжырымдарды пайдалан. 1. Қазақ тілі жазба мәдениеті тамырын тереңнен тартып жат- қан, тарихи жолы қалыптасқан арналы тіл. Қазақ жазба тілінің тарихын, Әлемдік өркениеттегі орнын, жалпыадамзаттық мәдениеттегі рөлін дұрыс бағалау үшін оның қандай кезеңдерден өткенін білудің мәні зор. 2. Қазақ жазба тілінің мәдениеті қандай таңбаларды қолданса да, қандай мәдениеттердің әсерімен дамыса да, ешқашан өзіндік бет-бейнесін жоғалтпаған, құнарлы мәдениет. Ол қашан да талғамы биік, ойы өрелі қалпынан танбаған, даралық сипатын сақтаған, саф алтындай құнды мұра болып келген, солай қала бермек.
Мәтінде қазақ тілі қалай суреттелген?
Қазақ жазу мәдениеті қандай?
Қазақ жазуының тарихын дұрыс бағалау үшін нені білу керек?
Привет от Эмиля