В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
tanya1502
tanya1502
10.05.2020 13:51 •  Қазақ тiлi

Ақ сұңқар құстың сойы едім эссе керек

Показать ответ
Ответ:
Niks78492986
Niks78492986
11.01.2021 05:34

Жаз басталмай жатып, күн қағып сарғая бастаған селеуі мен жусаны әлдебір зар күйін шертіп тұрғандай. Дендердің қыраты мен ойы дамылсыз алмасып, діңкеңді қатыратын қара жолымен осылай қарай сапар шеккенде, кеудеңді алапат сағыныш, әлде толғаныс билейді. Сол мазасыз хәлің айдалада дулығадай шаншылған батыр мазарын көргенде тіпті үдейді. Т.Әлімқұловтың әңгімесінде «Баяғыда Батый хан қалың әскерімен қарт Дендердің үстінен жостырып өткенде, осы Қараойдағы елді көрмей қалыпты» дегенге ұқсас жолдар бар. Рас шығар. Қыр үстіндегі адамға Қараой оңайлықпен байқатпайды. Бұл жердің жан баспаған шөбі де біразға дейін жасыл бояуын жоғалтпай, көкорай боп тұрғаны. Әйтпесе, қыр сарғайып кеткелі қашан…

Т ы л с ы м д ү н и е н і ң заңдылығына сенсек, қасиетті Жер-ана арада қанша заман өтсе де, уақыттың табын сақтайды екен. Сол мекенде аққан қан да, төккен жас та, шыңғырған үн де Жер-ананың көзінде, құлағында қалып қояды деседі. Рас шығар… Қараой осыдан жүз жетпіс үш жыл бұрынғы қанды қылмыстың ауыр салмағын әлі арқалап тұрғандай көрінеді. Жазушы Роллан Сейсенбаевтың «Бұл далаға сөйлеу үшін емес, тыңдау үшін келу керек екен» деген сөз бар еді. Шынында, үнемі мазасыз жел тілінде сөйлеп тұрған мынау Қараой «Мен көрдім, бәрін көрдім, бәріне көндім» деп бебеу қағады. Махамбет!.. Махамбет!.. Білмеймін, жел ме, сел ме?.. Жырда онымен бір тұлға теңдесер ме?..

Ә д і л е т с і з д ү н и е н і ң қабырғасын Махамбетше сөгер жан кездесер ме? – деп Фариза жырлағандай, ақынның өзі батыр, батырының өзі ақын біздің топырақтың арманда кеткен ерлерінің рухы әлі сөйлеп тұрғандай. Батыр мазарының басында Махамбет поэзиясы күндері сонау 1983 жылдан бері өтіп келеді. Осынау отыз бес жылға жуық уақыт ішінде қазақтың қасіретті киесі сіңген қастерлі мекенге кімдер ат басын бұрмады десеңізші… Көгөрім жастан сұңғыла кеуде абызына дейін қазақтың жақсысы мен жайсаңының тірлігінде азаптан өзге татпаған тәкаппар ақынның басына тәу етпегені жоқ.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота