9-тапсырма. Сөйлемдерді жалғастырып айтыңдар. 1. Ашық дауыстыларды айтқанда ...
2. Қысаң дауыстыларды айтқанда .
3. Дауысты дыбыстар еріннің қатысына қарай ...
4. Барлық дауысты дыбыстар
5. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай ...
6. Еріндік дауыстыларды айтқанда ...
7. Езулік дауыстыларды айтқанда ...
8. Жуан дауыстыларды айтқанда ...
9. Жіңішке дауыстыларды айтқанда
Ашық дауыстылар — тілдің таңдайға қарай төмендеп барып көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар, оларды айтқанда жақ кең ашылып, иек төмендейді. Қазақ тіліндегі ашық дауыстылар: а, ә, е, о, ө.
Қысаң дауыстылар — жақтың кең ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар. Қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар: ы, і, (и), (у), ү.
Еріндік дауыстылар — айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, ұ, ү, (у).
Езулік дауыстылар — айтылуда еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, ы, і, (и).
Жуан дауыстылар — тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалатын дауыстылар: а, о, (у), ұ, ы
Жіңішке дауыстылар — тілдің ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, (и), ө, ү, і