Қыс айлары суық болады.Айнала аппақ қалың қар жатады.Қыс мезгілінде қыстап қалатын құстарға азық табу қиын. Қыста азық табу қиын болғандықтан ,олар адамға жақын жүреді.Қыстап қалатын құстар-торғай,көгершін,қарға ,сауысқан ,сары шымшық,тоқылдақ. Сауысқан ,қарға кез келген тамақты көрек ететін құстар.Олар қардың астынан қазып түрлі тамақ қалдықтармен көректенебереді.Тоқылдақ ағаштың арасындағы бунақденелілерді тауып көректенеді,Ал қар бетіне түскен оның қалдықтарын торғайлар ,сары шымшықтар теріп жейді.Көгершіндер адамаға аса жақын жүреді. Балалар құстарға жем береді,нанның қалдықтарын береді.Құстардың табиғатқа пайдасы зор.Олар ағаштарды ,егінді зиянды құрттардан қорғайды.Сондықтан балалар құстарды қорғап қамқорлап жүреді.
Қазақ – дәстүрі бай және оны қатаң сақтайтын халық. Туған халқының мінез-құлқын, наным-сенімін жете зерделеген ғұлама- Ахмет Байтұрсынов қазақтың Құдайдан кейінгі қорқатыны дәстүр бұзушылық екенін айтады. Қазақ дәстүрді білмегенді,сыйламағанды надан,тәрбиесіз,көргенсіз дейді. Бұл - өте ауыр сөз, ауыр кінә,бірақ әбден орынды баға.Ұлттық салт-сана,дәстүр,әдет, әдептен аттап өтпейді. Және оны берік ұстайды,жас ұрпаққа үйретеді. Салт-дәстүрді сыйламағандар ауыр жазаланады.Ата-баба дәстүрін,ғұрыпты аттамайды.Ата жолына кім болса да бас июге тиіс. Бұл - ел-жұртыңды сыйлағаның. Қазақтың туыстық,құда-жекжаттық,той-томалақ өткізу,өлім жөнелту,аруақ сыйлау, үлкен-ді,ата-ананы құрметтеу, қыз ұзатып,келін түсіру, жүйелі сөзге жығылу,тоқтау, обал-сауап, дастархан,шаңырақ, қонақ сыйлау, т.б. салт-дәстүрлерінде қаншалық адамгершілік, ізгілік, көрегендік жатыр десеңізші. Осындай дәстүрлерімізді ардақтап, қадір тұтуға ақыл-парасаты,мәдениеті, білім-білігі жетпеген жетесіз надан,көргенсіз болмағанда не болады?!
Бұл - өте ауыр сөз, ауыр кінә,бірақ әбден орынды баға.Ұлттық салт-сана,дәстүр,әдет, әдептен аттап өтпейді. Және оны берік ұстайды,жас ұрпаққа үйретеді. Салт-дәстүрді сыйламағандар ауыр жазаланады.Ата-баба дәстүрін,ғұрыпты аттамайды.Ата жолына кім болса да бас июге тиіс. Бұл - ел-жұртыңды сыйлағаның.
Қазақтың туыстық,құда-жекжаттық,той-томалақ өткізу,өлім жөнелту,аруақ сыйлау, үлкен-ді,ата-ананы құрметтеу, қыз ұзатып,келін түсіру, жүйелі сөзге жығылу,тоқтау, обал-сауап, дастархан,шаңырақ, қонақ сыйлау, т.б. салт-дәстүрлерінде қаншалық адамгершілік, ізгілік, көрегендік жатыр десеңізші. Осындай дәстүрлерімізді ардақтап, қадір тұтуға ақыл-парасаты,мәдениеті, білім-білігі жетпеген жетесіз надан,көргенсіз болмағанда не болады?!