5-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, дауыс ырғағыңа мән бер. Ең басты құндылықтарға назар аудар. Сен үшін адамзаттық құндылыққа не жата- ды? Өз жауабынды автор көзқарасымен салыстырып, байланыстырып айт. Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға. Әр адамда өз анасынан басқа да, Ғұмырына етер мәңгі астана, Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада, Болу керек құдіретті төрт ана: ТУҒАН ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны, ТУҒАН ТІЛІ – мәңгі өнеге айдыны, ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ – тірегі, Қадамына шуақ шашар үнемі Және ТУҒАН ТАРИХЫ. Еске алуға қаншама Ауыр әрі қасіретті болса да, Құдірет жоқ төрт анаға тең келер, Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер. Өзге ананың ұлылығын танымас,
Шапық Шокин (1912 - 2003) Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі Шапық Шөкіұлы Шокин 1912 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты С. Торайғыров атындағы ұжымшарда дүниеге келген. Болашақ Халық қаһарманы, академиктің балалық шағы өте қиын жағдайда өткен. 1918 жылы 6 жасында әкесі Шөкіден айырылады. 1920 жылы ағасы Риза Шапықты бастауыш мектебіне оқуға береді. Шапық кейін жастар мектебін, содан соң педагогикалық техникумын бітіреді. 1930 жылы Ташкентте Орта Азия Мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетіне қабылданады. Университетті 1937 жылы бітіріп, еңбек жолын Алматыдан бастайды. 1943 жылы Ш. Шокин Ғылым Академиясының энергетика секторына басшылық қызметке тағайындалады. Оның негізгі зерттеген тақырыбы энергетика және су шаруашылығының болашақ дамуы мен отандық энергетиканың баланс мәселелері. Ш. Шокин 450 - ге жуық ғылыми еңбек жазған. Ғалым Мемлекеттік сыйлықтың иегері; көптеген медальдар және ордендермен марапатталған.
(1912 - 2003)
Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі Шапық Шөкіұлы Шокин 1912 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты С. Торайғыров атындағы ұжымшарда дүниеге келген. Болашақ Халық қаһарманы, академиктің балалық шағы өте қиын жағдайда өткен. 1918 жылы 6 жасында әкесі Шөкіден айырылады. 1920 жылы ағасы Риза Шапықты бастауыш мектебіне оқуға береді. Шапық кейін жастар мектебін, содан соң педагогикалық техникумын бітіреді. 1930 жылы Ташкентте Орта Азия Мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетіне қабылданады. Университетті 1937 жылы бітіріп, еңбек жолын Алматыдан бастайды. 1943 жылы Ш. Шокин Ғылым Академиясының энергетика секторына басшылық қызметке тағайындалады. Оның негізгі зерттеген тақырыбы энергетика және су шаруашылығының болашақ дамуы мен отандық энергетиканың баланс мәселелері.
Ш. Шокин 450 - ге жуық ғылыми еңбек жазған. Ғалым Мемлекеттік сыйлықтың иегері; көптеген медальдар және ордендермен марапатталған.
Алысты көзден жасырса;
Күнді уақыт қызартып,
Көкжиектен асырса;
Күңгірт көңілім сырласар
Сұрғылт тартқан бейуаққа,
Төмен қарап мұңдасар,
Ой жіберіп әр жаққа.
Өткен өмір – қу соқпақ,
Қыдырады талайды.
Кім алдады, кім тоқпақ
Салды, соны санайды,
Нені тапсаң, оны тап,
Жарамайды керекке.
Өңкей уды жиып ап,
Себеді сорлы жүрекке.
Адасқан күшік секілді
Ұлып жұртқа қайтқан ой
Өкінді, жолың бекінді,
Әуре болма, оны қой.
Ермен шықты, ит қылып,
Бидай шашқан егінге.
Жай жүргенді өрт қылып,
Тыныш өлсеңші тегінде.