5-тапсырма. Берілген шешендік сөз үзіндісін оқып, Майқы биге мінездеме жазыңдар.
... Халқыңды билеместен бұрын, өз орданды билеп ал.
Ордаңды жұмған жұдырықтай берік ұстасаң, халық
ешқайда қашпайды. Хан өздігінен өлім жазасын қол-
данбасын. Өлім жазасын шешетін халықтың өзі болсын.
Майқы би Төбейұлы- қазақ халқының төбе биі болған. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы майқы би» дейтін қанатты сөз арқылы атадан балаға таралып келе жатқан Майқы би бабамыз түйінді даналы сөздің де, би біткеннің де көш басшысы болған. Тарихи деректерге қарағанда, ол бір ғана емес бүкіл түркі тұқымдас халықтардың бас биі болғанға ұқсайды. Сондықтан да оны түрік тұқымдас елдер әсіресе татар башқұрт қарақалпақ өзбек халықтары бас биіміз деп санаған.