5 - тапсырма . Мәтіннен сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңдар . Олардың қандай сөз табынан жасалып тұрғанын түсіндіріңдер . Ал енді ол жүнді неғыласың дейсіз ғой . О , ол жүннен шекпен тоқымаймыз , киіз де бастырмаймыз . Ол жүннен қолдың басындай доп жасаймыз . Оның өз технологиясы бар . Өлі жүнді ыстық суға малып алып укаласаң , біраздан соң доп болып шыға келеді . Қолдоп . Салмақтырақ қос қолдап уқалай берсең , басы бірігеді . Үстемелеп тағы жүн қосып болуы үшін өзегіне тас салып қойсаң , тіптен әйбат . од допқа таяқ керек . Құдайға шүкір , сол кезде Мыңбұлақтың бойында әлі әдемі сәмді талдың тамтығы бар болатын . Содан тұмсығы райкы бір - бір таяқ кесіп аламыз . Содан соң – ойын дайын . Осы күні ойласам , ол ойынымыз – кекірігі азған бай ел – Америкада « гольф » дейтіннің сыңары сияқты . Ортадан бір шұңқыр қазып қойып , алгi киiз допты алыстан ұрып , соған түсіру керек . Кім түсірсе , сол утады , кім түсіре алмаса , белгілі бір мәреге дейін қашуы керек .