4. Ә.Бөкейхановтың нақыл сөздерімен танысып, өз ойларыңды ортаға салыңдар. . Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды. Біздің жұрт бостандық, теңдік, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады. Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды. Тіршілік - бәйге: жүйрік алар, шабан қалар. Жұрт пайдасына таза жолмен жол бастайтын ер табылса, халық соңынан ерер еді. Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды. Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі - өмір сүру мәселесінің зоры.
Ана тілің – арың бұл...Тіл-адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы а ғылым, білім, мәдениетпен танысып, парасаттылыққа ұмтылыс жасайды, болашақтың негізін қалап, таңдаған мамандығын игереді.Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем, асыл ойдың бұлағы, ұлттың жан дүниесі.Тілдің құдіреті — ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.Сол себепті,тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге бойға сіңіп, қалыптасатын, атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра, елдің ұлттық мақтанышы. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Қазақ ұлтының ана тілі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. «Ана тілі — халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі болуы керек.Тіл — ұлттың жаны.Ол халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі — оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Объяснение:
болама
Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой палуан — Қажымұқан Мұңайтпасов (әкесі азан шақырып қойған аты — Мұқан) 1871 жылы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Қараөткел ауылында дүниеге келеді. Кейбір деректерде оның 1883 жылы туғандығы айтылады. Қажымұқанның әкесі кедей шаруа болғандықтан, оның балалық, жастық шағы жоқшылықта өтіп, ол бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпай жатып Маслеников сынды орыс байлары мен ауқатты адамдарға жалданып, отбасын асырап - сақтайды. Бірте - бірте ауыл арасындағы той - томалақтарда күреске түсіп, “бала палуан” деген атаққа ие болады.